Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»



бет37/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Педагогикалық технология жүйесі
Педагогика ғылымында және білім беру ұйымдары тәжірибесінде педагогикалық технологиялар ұғымы жиі қолданылады. В.П. Беспальконың пікірінше педагогикалық технология - белгіленген бiлiм беру мақсаттарын табысты жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн тәрбие мен оқыту үдерісін жаңарудың теориялық тұрғыдан негiзделген құралдар мен әдiстер жиынтығы.
В.М. Монаховтың пайымдауынша педагогикалық технология – мұғалiм мен оқушы үшiн жағымды жағдайды қамтамасыз ететiн оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру және өткiзуде барлық бөлшегiне дейiн ойластырылған бiрлескен педагогикалық iс-әрекет үлгiсi. Педагогикалық мiндеттерiн түсiндiре отырып, педагогикалық технологияны жобалаудағы жетекшi қағида – оқушының бiлiмдi меңгеруге iштей дәлелденген, қалыптасқан өзiндiк белсендiлiгi, қызығушылығы мен iскерлiгi, бiлiктiлiгi болуы керек.
Г.К.Селевконың негіздеуінше, педагогикалық технология – көздеген мақсаттарға қол жеткізетін, уақыты мен кеңістік тұрғысынан бағдарламаланған, ғылыми негізде құрылған педагогикалық үрдістің барлық компоненттерінің әрекет ету жүйесі.
Г.К.Селевко педагогикалық технологиялардың өзiндiк жiктеуiн ұсынады:

  1. Педагогикалық қарым-қатынасты iзгiлендiру мен демок-ратияландыруға негiзделген технологиялар (ынтымақтастық техно-логиясы, Ш.А.Амоношвилидiң iзгiлiктi-тұлғалық технологиясы, Е.Н. Ильинның әдебиеттi адам қалыптастыру пәнi ретiнде оқыту жүйесi, т.б.);

  2. Оқушылардың iс-әрекетiн белсендiру мен күшейтуге негiзделген технологиялар (ойын технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың тiрек белгiлерi негiзiнде оқыту технологиясы, Е.И.Пассовтың коммуникативтi қарым-қатынас негiзiнде оқыту технологиясы, т.б.);

  3. Оқыту үдерістің тиiмдi ұйымдастыру мен басқару негiзiндегi технологиялары (бағдарламалық оқыту, саралап оқыту технологиясы (В.В. Фирсов, Н.П. Гузик), оқытуды жекелендiру технологиясы (А.С. Границкая, Инге Унт, В.Д. Шадриков), тiрек нұсқаларын пайдалана отырып, түсiндiрiп басқарудағы алдын-ала оқыту (С.Н. Лысенкова), оқытудың топтық және ұжымдық тәсiлi (И.Д.Ривин, В.К.Дъяченко), компьютерлік (ақпараттық) технологиялар және т.б.



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет