Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»


Оқу материалын әдiстемелiк жетiлдiру және дидактикалық қайта құру негiзiндегi технологиялар



бет38/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Оқу материалын әдiстемелiк жетiлдiру және дидактикалық қайта құру негiзiндегi технологиялар (П.М. Эрдниевтiң дидактикалық бiрлiктердi iрiлендiру, В.С. Библер мен С.Ю. Кургановтың «Мәдениеттер диалогы» Л.В.Тарасовтың «Экология және диалектика» жүйесi және т.б.);

  • Баланың табиғи дамуына сүйенетiн, халық педагогикасының әдiстерiн пайдаланатын табиғи үйлесiмдiлiк: Л.Н. Толстой бойынша оқыту; А.Кушнир бойынша сауаттылыққа тәрбиелеу, М.Монтессоридiң өздiгiнен дамыту технологиясы және т.б.;

  • Альтернативті технологиялар: Р.Штейнердiң Вальдорф педагогикасы, С.Френенiң еркiн еңбек технологиясы және т.б.;

  • Кешендi технологиялар: А.М. Тубельскийдiң өзiн-өзi анықтау мектебi, И.Ф. Гончаровтың «Орыс мектебi», Е.А. Ямбургтың «Бәрi үшiн арналған мектебi», М.Балабанның «Парк мектебi» т.б.

    Педагогикалық технологиялардың түрлерi және сипат-тамалары.
    1)Тұлғалық-бағдарлық білім беру технологиялары гуманизм идеясына негізделген және тұлғаны басты құндылық ретінде бағалай-тын технологиялар. Педагогикалық теорияда барлық технологиялар оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған, дегенмен тұлғалық-бағдарлық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалім мен оқушы тұлғаларының ізгілік қатынасқа негізделуінде, оқушының оқу ортасын ізгілендіруде.
    Педагогикадағы бұл бағыттың өкілдері Ш.А.Амонашвили, В.В.Сериков, Ю.И.Турчанинов, И.С.Якиманская, А.А.Бейсенбаева т.б.
    Осы бағыт бойынша оқыту үдерісі мен оқушының өздігінен оқу үдерісі ажыратылып қарастырылады, яғни, оқушының оқу арқылы тұл-ғалық қасиеттерін дамытуға баса назар аударылып, оның жеке дара-лығына, темпераментіне, мінезіне, өзіндік қарым-қатынас жасау стиліне, қайталанбастығына, оқыту үдерісін оқушыға барынша қолайлы етіп бейімдеуге басымдық беріледі.

  • 2

    15
    дәріс

    Оқу үрдісінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологиясы
    Қарастырылатын сұрақтар:

    1. Кіріспе

    2. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің алғышарттары

    3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың негізгі идеялары мен қағидалары

    4. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

    5. Критериалды бағалау жүйесінің құрылымы
    6. Қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру, Жиынтық бағалауды жүргізу және қорытындысын модерациялау

    І. «Оқу жетістігін бағалау» - білім алушының кері байланыс арқылы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижесін белгілеу үдерісі.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет