Сабақтың логикалық-психологиялық, дидактикалық және әдістемелік құрылымының арақатынасы. Сабақтың құрылымдық бөліктерінің өзара әрекеті - ақиқат нәрсе. Оқыту үдерісі мұғалім әрбір бөлікті жеке алғанда және оның сабақтың басқа бөліктерімен өзара әрекеттесу қызметінің бірлігін түсінгенде ғана тиімді болады. Жаңа білімдердің қалыптасуы тек бұрынғы бар білімдерге сүйенгенде, ал дағдылар мен іскерліктерді жаттықтыру жаңаны меңгергенде ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда олардың реті әр сабақта әр түрлі. Бұл жөнінде М.И. Махмутовтың еңбегінде толығымен айтылған.
2
14- дәріс.
Сабақ оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде Қарастырылатын сұрақтар: 1. Педагогикалық технология туралы түсінік
2. Педагогикалық технология жүйесі
3. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі
4. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
1. Педагогикалық технология туралы түсінік.Технология ұғымы соңғы жүзжылдықта маңызды ғылыми ұғымдардың бiрiне айналуда. Философиялық көзқарас тұрғысынан технология теория мен практиканың арақатынасын байланыстыратын негізгі тетіктердің бірі.Теория мен практика ұғымдары мәнi жағынан ажыратылғанымен, олар әрқашан өзара тәуелді, өзара тығыз байланыста болып келеді. Бұл әрекеттестiктiң өзгешелiгiн К.Поппер теория мен практиканың бiрлiгiн ажыратпау, екеуінің тұтастығын сақтау деген идеясымен негіздеп көрсетедi. Көп жағдайларда теорияның практикадан ажыратылып кетуінің негiзгi себептерінің бiрi - нақты қолданбалы технология-лардың жоқтығы болып табылады.
Өндiрiс саласында ғана емес, педагогикалық теория мен прак-тикада да тұрақты қолданысқа ие болып келе жатқан «технология» ұғымының шығу тарихына (этимологиясына) қысқаша тоқталып өту маңызды.
Технология сөзi (techne-өнер, шығармашылық, logos-iлiм) грек тiлiнен аударылғанда:
а) өндiрiс үдерісінде шикiзат, материал немесе жартылай фабрикаттың формасын, қасиеттерiн, жағдайын өңдеу, дайындау, өзгерту әдiстерiнiң жиынтығын, мысалы металлдарды өңдеу техноло-гиясы, химиялық технология, құрылыстық жұмыстар технологиясы;
ә) өндiрiстiң сәйкес келетiн құралдарымен шикiзат, материал немесе жартылай фабрикатқа әсер ететiн тәсiлдер туралы ғылым деген мағынаны бiлдiредi.
Ғылым мен техниканың дамуына қарай педагогика саласында технологиялық оқыту тәсілі жақсы өріс ала бастады. Қазіргі ақпарат-тық технологиялар заманында бiлiм берудi технологияландыруға кө-шудiң қажеттiлiгiмен келiспеу мүмкiн емес, себебi әр оқушының жеке тұлғасының дамуы, бiлiм берудi саралау және барлық бiлiм беру жүйесiн iзгiлендiру және демократияландыру үрдістері техноло-гиялық тәсіл арқылы жүзеге асырылмақ.
Сондықтан педагогикалық үдерісті технологияландыру мәселесі бiлiм берушi мен бiлiм алушы тұлғасын өздiгiнен дамытып, олардың ішкі әлеуеттерін барынша толығырақ ашқызу үшін оқыту мен тәр-биелеудi субъектiлiк негiзге ауыстыратын тетік ретінде зерттелуде. Білім беру саласындағы шоғырланып қалған көкейкесті мәселелердің шешімдерін табуда педагогикалық технологиялардың ықпалы зор, себебі жаңа технологиялардың негізгі өзегі – оқушы тұлғасы, оның ішкі интеллектуалдық әлеуетін жан-жақты дамыту.