Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі 1-дәріс «Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары»


Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар және білім берудің даму тенденциялары



бет4/40
Дата21.12.2022
өлшемі149,69 Kb.
#58604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
4. Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар және білім берудің даму тенденциялары. Білім беру феномені ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдықтардың біріне айналу себебі оның әлеуметтік мәнінің өзектенуімен айқындалып, білім беру жүйесінде үздіксіз реформалар енгізілу үстінде. Енді осы өзгерістерді туындататын негізгі факторларды қарастырып өтейік.
1) Жаһандану.
2) Қазіргі заманда ақпараттық технологиялар
3) Әлемдік өркениеттің дамуында гуманистік қағидалардың өзектенуі.
4) Интеллектуалды әлеуетті дамыту маңызы
Осындай ауқымды факторлардың ықпалынан дүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму тенденциялары айқындала түсті:

  1. Білім беру – ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық.

  2. Білім беру үрдісінің жалпы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілуі.

  3. Жаһандану әсерінен отандық білім беру жүйелерінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілуі.

  4. Үздіксіз білім беру үрдісі.

  5. Білім беруді гуманизациялау үрдісі.

  6. Білім берудегі дарындылықты дамыту идеялары.

  7. Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеу.

  8. Білім беру мазмұнын жаңарту,

  9. Инклюзивті білім беру мәселесі.



Тақырып: «1.2. Педагогикалық қызмет пен "Педагог" мамандығының ерекшелігі»
1.Педагогикалық мамандықтың пайда болып қалыптасуы және оның көпфункционалдық сипаты. Жас ұрпақты болашақ өмірге дайындау, оларға әлеуметтік тәжірибені үйретудегі қажеттілік ұстаздық мамандықтың пайда болып қалыптасуының негізі. Адамзат қоғамының дамуы мен өркендеуінде әлеуметтік маңызы зор ұғымдардың бірі «тәрбие» ұғымы болды. Тәрбие үрдісі адамзаттың ең ежелгі саналы іс-әрекет түрлерінің бірі және ол мәңгі категория: адамдар бар жерде тәрбие де бар.
Әр қауымда балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелейтін, олардың есейгендігін дәлелдеуге дайындайтын қарапайым «жастар үйі» деп аталатын мекемелер пайда болған. Ондағы тәлім-тәрбие беруші беделді адамдар балаларды өмірге дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын меңгертіп, садақ атуға, аң аулау өнеріне, ептілікке, шапшаңдыққа, шыдамдылыққа, батылдыққа үйретіп отырған.
Сонымен қатар қарапайым пиктографиялық жазу түрлері (picture – сурет, бейне), петроглифтер (ежелгі грек πέτρος - тас және  γλυφή - қашау) пайда бола бастады. Осындай жазу түрлері арқылы алғашқы адамдар келер ұрпаққа мұра ретінде өз тәжірибесін, тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін, әдет-ғұрыптарын бейне ақпарат ретінде жеткізбек болған. Сол көне замандағы петроглифтер мен пиктографиялық жазулар қазір жер шарының түпкір-түпкірлерінен табылып, тарих қойнауынан сыр ақтаруда.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн. Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамандығы «адам-адам» жүйесіне қатысты мамандыққа жатады. Осы тұрғыда «кәсіп» және «мамандық» ұғымдарының ерекшеліктерін ашып өткен жөн. Кәсіп - тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипатталатын адамның дене және рухани күшінің арнаулы бір саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі. Мамандық – берілген кәсіптің бір түрі. Мысалы, мұғалімдік кәсіппен айналысатын адамдар көп, солардың ішінде кейбіреулері информатика мамандығын, кейбіреулері тіл және әдебиет, тарих сияқты мамандықтарды меңгереді. Сонда кәсіп деген ұғымның ауқымы мамандық ұғымымен салыстырғанда кеңірек екені байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет