Білім беру мазмұны - оқыту үдерісінің базалық компоненті. Білім беру ісі – мемлекеттік саясаттың бір тармағы болып табылады. Өйткені, мектеп – ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік тапсырысын орындайтын мекеме. Мектепте берілетін білім арқылы, оқушы ғылымның түрлі салалары бойынша ақпарат алып, ғылыми көзқарасын қалыптастырады, іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, ақылы мен сезімі дамиды, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Жинақталған білім арқылы болашақ мамандығын таңдайды.
Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі ретінде «Нені оқыту керек?» — деген сұраққа жауап береді.
Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, Л.В.Занков, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, Ю.К.Бабанский, В.С.Леднев, Б.С. Гершунский т.б педагог-ғалымдар зерттеді. Олардың еңбектерінде білім мазмұны мен құрылымы, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары, мектеп оқушыларының меңгеруге тиісті білім көлемі, пәннің мазмұнына қойылатын талаптар жан-жақты қарастырылды.
И.Я. Лернердің анықтамасы бойынша «Білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағдылар жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі».
«Білім беру» ұғымы ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардан бастап ғылыми айналымға еніп (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып отыр.
Б.С. Гершунскийдің пайымдауынша, «білім беру философиясының мәні – білім беруге бетбұрыс алған философия», немесе «білім беру іс-әрекетінің барлық қырларының өзіндік ғылыми парадигмасы».
Көрнекті педагог, академик В.В. Краевский жалпы орта білім беру мазмұнын қоғамның білім беруге қоятын талаптарының моделі деп қарастырды. Ол «Білім мазмұны» ұғымының теориясы мен әдіснамалық негізін жетілдірді. білім мазмұнын қалыптастыру деңгейлерін анықтады: