Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет26/34
Дата12.10.2022
өлшемі124,17 Kb.
#42512
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар:
Сөйлеу психологиясы.
Сөйлеудің түрлері және функциялары.

1

№10 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Эмоциялар мен сезiмдер туралы жалпы түсiнiк
2.Психикалық күйлердің көріну деңгейі.
Эмоциялар мен сезiмдер туралы жалпы түсiнiк
Сезімдер өте күрделі психикалық процецтердің бірі, сол себепті адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адамның сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады, демек адамның өмірі қоғамға байланысты, сезімдеріде қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұны қоғамдық болмыстан көрініп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәні бірдей деп түсіну кейде қате түсініктер тудырады. Мәселен осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бұлыңғырлауы мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері, олардың сапасын көрсетy осындай ерекшеліктерінің бірін қарама-қарсы полярлы сапалықтар деп атайды. Мәселен, ұнату, ұнатпау, қуану, қажу, шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Адам реалдық дүниенi тек танып қана қоймайды, оған өзiнiң қатынасын да бiлдiрiп отырады, ол бiр нәрсенi ұнатады, бiреудi жақсы көредi, екiншi бiреуге салқын қарайды. Бiр сөзбен айтқанда өз қажеттерiне қарай айналасына түрлi көңiл – күйiн бiлдiрiп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттерiне сәйкес келу-келмеуiнiң нәтижесiнде пайда болып отыратын психикалық процестiң түрiн сезiм деп атайды. Қажеттiлiктердiң түрлi жағдайларға байланысты түрлiше өтелуi адамда көптеген ұнамды және ұнамсыз сезiмдердi туғызады. Айталық; қуаныш пен қайғы, ашу, қорқу, ұят, сүйiспеншiлiк, жек көрушiлiк, шошыну, абыржу, наздану т.б. осындай сезiмнiң сан алуан түрлерi кездесіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет