Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Психикалық күйлердің көріну деңгейі



бет27/34
Дата12.10.2022
өлшемі124,17 Kb.
#42512
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
Психикалық күйлердің көріну деңгейі
Оқылған кітап, орындалған жүмыс сізді қуантуы не ренжітуі мүмкін, яғни қоршаған ортаға деген қатынасыңызды білдіресіз. Шаттану, мұң, үрей, қуаныш, қорқу, масаттану, өкіну, - бұлардың бәрі сезімдер мен эмоциялар. Егер қабылдау, түйсік, ой жөне елестерде сан алуан заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттері, әр түрлі байланыстары, тәуелділіктері бейнеленсе, эмоция мен сезімде адам танып білетін заттар мен құбылыстардың мазмұнына өзінің қатынасын білдіреді. Адамның қоршаған ортасы мида бейнелене келіп, сезім затына айналатын объективтік қатынас пайда болады. Эмоция мен Сезімдерден адамның өз мінез-қүлқына, қылығына, пікіріне, әрекеттеріне қанағаттануы немесе қанағаттанбауы көрінеді.
Сезімдердің негізгі қасиеттері
Сезімдердің эмоциялық көріністерін оң эмоциялар тамақ ішкенде, жақсы демалғанда, жақсы хабар естігенде, қуанышты, көтеріңкі көңіл, рахаттану сезімі туғанда, теріс эмоциялар, бір қажеттіліктерді орындаған кездегі кедергілер немесе мыс: жазушы өзінің өлеңдерін басқадан шыққанын көргісі келеді деп бөледі.
Сонымен қатар тағы да екі түрлі көрінісі бар: ол екіұшты және анықталмаған оңға да солға жатқызуға болмайтын мыс: жолаушы шөлдеп су ішкісі келді, бірақ суда мұнай иісі бар. Екіұшты болатын сезімде амбивалентті бір объектіге екі түрлі көзқарас болғанда, мыс: әрі жақсы көру, әрі қызғану.
Анықталмаған сезім тұрақты емес ол не оң, не теріс эмоциялық көрініске өтуі мүмкін. Мыс: жаңадан адаммен танысқанда.
Сезімдердің негізгі екі қызметі бар:1.реттеуші, 2. сигналдық.
Сезімдердің реттеушілік қасиеті - көңіл-күй тұрақтылығына, мінез-құлқына бағыт беретіндер, кедергілерді жеңуге итермелейтіндер. Эмоция реттегіштігі, эмоция қозуды бәсеңдетеді.
Адамның эмоциясы мен сезімдері мимика бет әлпеті пантомимикалық бұлшық еттер қозғалысы сияқты мәнді қимылдар жүзеге асады. Мәнді қимылдар сезімдер мен эмоциялардың экепрессивтік жағын сигналдық қызметі арқылы жүзеге асырады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет