Перифериялық орган - сезім мүшелері (рецепторлар);
Өткізгіш бөлім - рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;
мидағы орталықтар.
Бірінші компоненті сезім мүшелері рецепторларәр түрлі құрылған нервтік аппараттар. Олардың міндеті сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін нервтік қозуға айналдыру. Анализаторлардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым дәрежеде ғана талдау іске асып отырады.
Екінші компоненті өткізгіш бөлім, сыртқы энергияның сезімтал нерв талшықтарының ұшында қозуды екі жолмен екі бағытқа жоғары төмен жайып отырады. Бұл жолмен орталыққа тебетін талшықтар арқылы қозуды жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алаптарға жеткізіп отырады; екінші жолмен орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидан қозу толқынын әр түрлі органдарға өткізеді. Нерв талшықтарының бойымен қозу бір секундтің ішінде жүз жиырма метрдей тездікпен өтіп жатады.
Үшінші компоненті мидағы орталықтар анализатордың шешуші бөлімі.
Нерв системасындағы басқа бөлімдердің клеткаларының құрылысымен салыстырғанда, бұл орталықтың клеткаларының құрылысы ерекше түрде әрі күрделірек боп келеді.
Түйсіктердің жалпы заңдылықтары туралы әңгіме еткенде оларды екі түрде айырып қарау керек. Біріншісі - түйсіктер мен тітіркендіргіштердің арасындағы сандық қатынасқа байланысты психофизикалық заңдылықтар; екіншісі –
түйсіктердің сезім мүшелерінің қалпына тәуелді психофизиологиялық заңдылқтар.
Адамға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың адам анализаторларында тұтастай бейнелену процесін қабылаудейді.
Тұтас, мағыналы түрде, затты бейнелеп қабылдау бірнеше түйсіну анализаторлары арқылы іске асады. Түйсінумен салыстырғанда, қабылдаудың айырмашылығы заттарды, нәрселерді, құбылыстарды тұтастай сәулелендіруінде.
Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың сипаттары мен қасиеттерін жекелеп бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды. Осының өзінен қабылдау мен түйсіктің органикалық бірлікте екендігі көрінеді, себебі заттың сипаттары оның өзінен бөлек кездесуі мүмкін емес, заттың өзін оның сипаттарынан бөліп қарауға болмайды. Түйсіктер қабылдаудың бір бөлігі, қабылдау түйсіктердің жиынтығы. Бірақ бұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік қасиет, айырмашылығын жоя алмайды.
Ойлау формалалары ұғым, пікір, ой қорытындысы болып үшке бөлінеді.
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекетінің өзіндік қасиеті оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады. Адам өзінің қажетін өтеугебайланысты адамдармен пікірлеседі, ой алмасады, бұл үшін сол ұлттың, тілдік грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы өте зор болды. Сөйлеудің пайда болуының нәтижесінде адам организімі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты пайда болды. Соның нәтижесінде адам жеке дыбыстарды ғана емес, барлық түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Дыбысты тіл еңбекпен бірге, адам санасының дамуының негізгі бір факторы болып есептеледі. Тіл дегеніміз өзіндік бейнелердің жүйесі. Ол белгілі шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні оның қоғамдық әлеуметтік мәні. Тілдік белгілердің екінші мәні олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді.