Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


б) заттың массасы, жалпы саны, жалпы массасы. в)



бет4/5
Дата08.11.2022
өлшемі53,79 Kb.
#48436
1   2   3   4   5
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

б) заттың массасы, жалпы саны, жалпы массасы.
в) тік төртбұрыштың ауданы, ені, ұзындығы.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: «есеп» ұғымы; кері есептер;

  2. «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: жай (әр амалдың мән-мағынасын ашуға, айырмалық және еселік салыстыруға, шамалар арасындағы байланыстар мен тәуелділікке негізделген, «үлес» ұғымымен және пропорционал шамалармен байланысты) есептер;




№ 12
дәріс

«Кері және өзара есептер» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Кері есептерді оқыту әдістемесі.
2.Өзара кері есептер, олардың топтарын оқыту әдістемесі.
3. Кері және өзара кері есептерді шығаруға үйрету технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Есепті шешу процесінің міндетті кезеңдері мыналар:

  • есеп мәтінін шапшаң және түсініп оқу.

  • есептің шешуін іздестіру немесе шешу жоспарын құру.

  • есептің шешуін жазу.

  • жауабын бөліп көрсету және тексеру.

Есепті талдау үлгісі:
1. Есеп не жайында?
2. Есепте не белгілі? (бұнда есептің шарты талданады)
3. Есепте не білгісіз? Нені табуымыз қажет? (бұдан есептің сұрағы шығады)
4. Алдымен нені табуға болады?
5. Оны қандай амалмен табамыз? Неге?
6. Есеп неше амалмен шешілді?
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. «Кері есеп», «өзара кері есеп» ұғымдары, олардың ерекшеліктері.

  2. Қосу және азайту амалдарына берілген өзара кері есептер тобы, оқыту әдістемесі.

  3. Көбейту мен бөлуге берілген өзара кері есептердің тобы, оқыту әдістемесі.




№ 13
дәріс

Құрама есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Құрама есепті енгізу әдістемесі.
2.Бастауыш сыныптарда кездесетін құрама есептер.
3. Құрама есептердің түрлері шығаруға үйрету технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бастауыш сыныптарда құрама есептердің жай есептер сияқты нақты топтары қарастырылмағанымен, есептің сұрағына орай оның түрін ажыратуға болады. М: Дүкенге 70 кг-дық 6 қап картоп және 50 кг-дық 8 қап сәбіз әкелінді. Сәбізге қарағанда картоптан неше кг артық әкелінді? Бұл есептің сұрағына қарап, айырмалық салыстыруға берілген құрама есеп екенін анықтауға болады. Дегенмен, бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептің мынадай түрлері бар:

  1. Қозғалысқа берілген есептер;

  2. Пропорционал бөлуге берілген есептер;

  3. «Бірігіп жұмыс жасауға» арналған есептер;

  4. Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер.

Жоғарыда аталған жай есептің де, құрама есептердің де атауларын оқушылардың білуі шарт емес. Тек есеп шығаруда амалды дұрыс әрі саналы түрде таңдап алу талап етіледі.
Есепті шешу үдерісі жай есепті де, құрама есепті шешуде де бірдей болғанымен, жай есептердің шешу жоспарын құруда қысқаша жазудан гөрі көрнекіліктің басқа да түрлерін қолдану қажет.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: құрама есептер, геометриялық мазмұнды есептер; шығармашылық әрекетпен байланысты тапсырмалар, есепті арифметикалық, алгебралық, графикалық және практикалық тәсілмен шешу.

  2. «Есеп және оны шешу үдерісі» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: есепті арифметикалық, алгебралық, графикалық және практикалық тәсілмен шешу.







№ 14
дәріс

«Алгебра элементтері» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы.
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын алгебра элементтері, нысандары.
2. Желінің негізгі нысандарын оқыту әдістемесі.
3. Алгебра элементтерін кезеңдер бойынша оқыту технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Бастауыш математика курсында қарастырылған алгебралық ұғымдар орта буынның «Алгебра» курсына алдын-ала (пропедевтикалық) дайындық ретінде қарастырылады.
Бастауыш сыныптарда мынадай алгебралық материалдар қарастырылады: өрнек және оның түрлері (санды және әріпті), санды теңдік және санды теңсіздік (тура және тура емес), теңдеу және оны шешу тәсілдері, амалдарды орындаудың рет тәртібі, теңбе-тең түрлендірулер. Осы аталған кез-келген алгебралық ұғымға анықтама остенсивті (көрсету арқылы) түрде беріледі.
«3 санының құрамы» тақырыбын қарастыру барысында «өрнек, өрнектің мәні» ұғымдарымен таныстыру жүзеге асырылады. Кейінірек оқушылар санды өрнек сандардың, арифметикалық амалдар, таңбалар мен жақшаның көмегімен, ал әріпті өрнек сандар мен әріптердің, арифметикалық амал таңбасының, жақшаның көмегімен жазылған жазу екендігін білсе жеткілікті.
Бұған қоса, өрнектердің оқылуын (айтылуын), жазылуын, оларды құра алуды, мәндерін таба алуын және әріпті өрнектің мәнін табу үшін әріптің мәнін білу керектігін игерулері тиіс.
Математиканың бастауыш курсында теңдеудің қарапайым және күрделі түрлері оқытылып үйретіледі, оларды шешудің тәсілдері қарастырылады. Кестелік жағдайға келтірілген және санның ондық құрамына негізделген теңдеулер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет