Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар: Психика мен сананың пайда болуы мен дамуы.
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде.
Сана және бейсаналық.
1
№ 3
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
Іс-әрекеттің психологиялық сипаттамасы.
Іс-әрекеттің негізгі теориялары. Іс-әрекет пен белсенділіктің физиологиясы. Іс-әрекеттің түрлері мен құрылымы.
Мотивация және іс-әрекет. Тұлғаның мотивациялық-қажеттілік аумағы. Мотивацияның психологиялық теориялары.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Адам саналы тіршілік иесі. Адамды көптеген ғылымдар зерттейді: анатомия, физиология, медицина биологиялық тіршілік иесі ретіндежәне қоғамдық ғылымдар; педагогикалық психология, социология, физика, тарих, этика, саяси экономика және т.б. қоғамдық ғылымдар адамды негізінен тіршілік иесі ретінде зерттейді. Яғни бұл ғылымдар адамды жеке адам кісі, азамат тұрғысынан зерттейді. Адам еңбектiң қай түрiмен айналысса да, өмiрге ең алдымен қайраткер, iскер және жасампаз болып келедi. Iс-әрекет арқылы адамның рухани өмiр байлығы: ақыл-ой тереңдiгi, күйiну-сүйiну қалпы, қиялдау қабiлетi мен ерiк-жiгер, икемдiлiгi мен мiнез-құлық сипаты көрінеді. Iс-әрекет үстiнде сана қалыптасады, сана iс-әрекет кезiнде қалыптаса отырып, сол әрекеттен көрiнедi де. Мұғалiм оқушының жауап беруi мен тапсырманы орындауына қарай оның бiлiм дәрежесi жөнiнен пiкiр түйедi. Психологиялық зерттеу заты iс-әрекет кезiндегi жеке адам болып саналады. Iс-әрекетәлеуметтiк категория, жануарлар үшiн қоршаған ортаның талабына, ағзаның биологиялық тұрғыдан икемделуiн көрсететiн өмiр ғана тән. Адам үшiн өзiн табиғаттан саналы түрде ерекшелеп көрсету тән,ол өз алдына мақсат қояды, белсендi қызмет iстеуге итермелейтiнсебептердi түсiнедi. Iс-әрекеттiң қандай түрi болса да қозғалыс күйiнде өтедi, мейлi ол жазу жазғандығы, станокта еңбек операциясын орындаған кездегi бұлшық еттерiнiң қозғалысы бола ма немесе сөз сөйлеген кездегi сөйлеу аппаратының қимылы ма бәрiбiр.