Сананың пайда болуы мен дамуы Сана адамның материя дамуының белгілі бір сатысында пайда болған қасиеті. Ол ең көлемді қалыпқа келген және жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі, материялық дүниенің жетілген белгісі. Ф.Энгельстің анықтауынша, адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен шешуші факторлар, дыбысты тіл мен еңбек.Дүние тану теориясының даму жолдарын В.И.Ленин “Философиялық дәптерлерінде” баланың есеюі, жануарлардың жетілуі , тілдің даму тарихы “мұны айрықша ескеру керек”- дейді де, бұл салалар бойынша психология мен сезім мүшелерінің физиологиясын қоса зерттеу қажет деген міндеттерді қосу белгісі мен арнайы атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол еңбегінде бұл салалардың бүкіл білім саласын қамтып, оның таным теориясы мен диалектикалық қалыптасуына негіз болатындығын да жазған.Жоғарыда айтылған мазмұндар мен келтірілген дәйектер психиканың дамуы мен адам санасының қоғамдық-тарихи сипатта болатынын түсініп, оның мәнін жете игеруді қажет етеді. Бейнелеу теориясы негізінде адам дүниетанымының пайымдау мен сезіп білудің абстрактылы ойлауға, одан тәжірибеге көшіп отыруы - ақиқатты, объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы. Бір сөзбен қорыта айтқанда, бейнелеу теориясы ғылыми психологияның гноселогиялық негізі болып саналады. Ғылыми тұрғыда адам санасының қалай пайда болғандығын дұрыс түсіндірген марксизм-ленинизм классиктері болды. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс өздерінің ғылыми еңбектерінде сананың дамуы еңбек ету процесі арқылы пада болған, адам қоғам мүшесі сондықтан оның санасы да әлеуметтік-тарихи құбылыс деп түсіндірді.
Сана және бейсаналықтың пайда болуы мен дамуы Фрейд тұлға құрылымында 3 негізгі компонентті ажыратады «ол»- «оно», эго «мен» және супер эго «жоғары мен»- «сверх-я». Ид бейсаналық санасына ығыстырылған инстинктердің алаңы болып табылады. Эго біржағынан, бейсаналы инстинктерге жалғасса, екінші жағынан, шынайылықтың нормалары мен талаптарына бағынады. Супер-эго дегеніміз қоғамның ғибратты бастауларының жиынтығы, ол «цензор» ролін атқарады. Сонымен ид пен супер-эго талаптары үйлеспейтіндіктен эго үнемі конфликтіде, ол қорғаныс механизміне ығыстыру, сублимация жүгінуіне тура келеді. Ығыстыру санасызтүрде жасалады. Бейсаналық саласына «көшетін» мотивтер, күйзелулер «цензор» үшін жарамды символдар, әрекеттер түрінде қалып, әсер ете береді.
Фрейдтің ойынша түрлі іс- әрекет функциялары мен формаларын жүзеге асыру үшін арнайы механизмдердің сублимация, проекция, көшіру, ығыстыру, регрессия, т.б. бөлек жүйесі бар. Ал ағза энергия сақталу заңымен басқарылатын күрделі энергетикалық жүйе ретінде қарастырылады. Сондықтан, егер либидо өзінің бір көріністерінде тоқтатылса, онда қандай да бір басқа эффектіні тудыруы тиіс. Супер-эго осындай эффектілерді әлеуметтік тұрғыдан жарамды етеді. Егер жарамды ете алмаса, онда ид пен супер-эгоның арасындағы конфликт оршіп, жүйенің қалыпты қызметі бұзылады, тежелген либидо түрлі ауырсыну синдромдары өзін байқатады.
Психоанализдің негізін салушы Австрия психиаторы З.Фрейд. Қазіргі күнге дейін тұлға психологиясына әсер ететін, кең таралған теориялардың бірі-фрейдизм. Бұл теория клиникалық кезеңде пайда болған. Теория құрастырушысы З.Фрейд. Кейін фрейдизмнің іргесінде шартты түрде неофрейдизм теорияларының тобына біріктілген бір қатар теориялар пайда болған.
Фрейд бірнеше жыл бойы Сальпетриедегі Париждің атақты француз неврологы Ж.Шарконың клиникасында және Нансидегі Бернгеймнің клиникасында жұмыс жасай жүріп невроздар терапиясымен танысқан болатын. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бас кезеңінде Й.Брейермен бірге гипноздық катарсис тәсілін пайдаланды. Кейін гипноздық сендіру практикасын тастап түстерді жору интерпритациясын, еркін туындайтын ассоциацияларды, ескертулерді, естен шығаруды зерттеуге көшкен.