Студенттердің білімдерін қадағалауға арналған сұрақтар: Жалпы психологияның пәні.
Жалпы психологияның әдіснамалық принциптері.
Психиканың негізгі функциялары.
Психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары.
Психологияның әдістері.
1
№ 2
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): 1. Ми және психика. Психиканың филогенезде дамуының негізгі сатылары.
2. Сананың құрылымы мен мазмұны. Сананың негізгі қызметтері. Сана күйлері. Сана және бейсаналық.
3. Сана және өзіндік сана.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Психика мен сана. Психиканың даму кезеңдері Бүкiл органикалық дүниенiң мәңгi бақи бiр қалыпта тұрмайтынын, ол сан алуан сапалы өзгерiстер нәтижесiнде пайда болғанын нақтылы ғылыми деректерге орай жаратылыстану ғылымы түсiндiредi. Осы iлiм адам психикасы бiрден жасалмағанын, оның өзi жануарлардың өткендегi талай ғасырлық даму жолдарымен бiртiндеп даярланғандығын, екуiнiң арасында сабақтастық байланыс бар екендiгiн жақсы аңғартады.
Психика органиалық материяның барлығында бiрдей бола беретiн қасиет емес. Ол өсiмдiктер дүниесiнде жоқ. Тiптiтiрi ағзалардың төменгi формаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғарғы формаларының, жанды материяның ғана қасиетi. Тiрi материяның төменгi түрлерiне қарапайым ағзаларда тiтiркенушiлiк сыртқы тiтiркендiргiштерге жауап бере алушылық, ал оның жоғарғы түрлерiне сезгiштiк заттардың қасиеттерiн бейнелей алу қасиеті тән. Сезгiштiк психиканың ең басты белгiсi. Сезгiштiкағзаның сыртқы ортаны түйсiне алу қабiлетi. Түйсiктiршiлiк жағдайына жiтi бейiмделудiң көрiнiсi. Түйсiк орталық нерв жүйесi бар барлық жануарларда кездесетiн психикалық құбылыс.
Жоғары сатыдағы жануарлардан маймылдар мен дельфиндерді«ақылды»деп айтуға тұрарлықтай мiнез-құлық көрiнiстерiн байқауға болады. Мiнез-құлықтың осындай түрi маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Жануарлардың интелектiк амалы алда тұрған бөгеттi жеңе бiлуге байланысты туып отырады. Интеллект айуанның жеке өзiне ғана тән қылық, оның ғана тапқан әдiсi.