Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі



бет37/79
Дата23.11.2022
өлшемі281,34 Kb.
#52059
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ Психология

CIC ғасырдың аяғында ассоциациалық теорияның орнына гештальттеория келдi. Бұл теорияның негiзгi түсiнiгi заттар немесе құбылыстардың ассоциациясы емес, олардың бастапқы, тұтастай ұйымдасуы - гештальтболды. Бұл теорияны жақтаушылардың пiкiрiнше ес процестерi гештальт қалыптасуымен анықталады. “Гештальт” сөзi “тұтастық“,“құрылым”,“жүйе” деген мағынаны бередi. Бұл терминдiXX ғасырдың алғашқы ширегiнде Германияда пайда болған бағыттың өкiлдерi ұсынған. Бұл бағыттың негiзгi постулаты тұтастың жүйелi ұйымдасуы ол құралған бөлшектердiң қасиеттерi мен қызметiн анықтайды. Сондықтан бұл теорияның өкiлдерi естi зерттегенде есте сақтау және қайта жаңғыру материалы ассоциациалардың негiзiнде элементтердiң кездейсоқ жиналуы арқылы емес, тұтастай құрылым түрiнде болады дейдi.

Гештальтпсихология тұрғысынан есте сақтау мен қайта жаңғыртудың динамикасы былай жүредi. Адам үшiн сол мезетте өзектi болатын кейбiр күйлер есте сақтау мен қайта жаңғыртуға белгiлi нұсқаулар туғызады. Сәйкес нұсқау адам санасында белгiлi тұтастық құрылымдарды белсендiредi. Өз кезегiнде, олардың негiзiнде материал есте сақталады немесе қайта жаңғырады. Бұл нұсқау есте сақтау мен қайта жаңғырудың жүру жолын бақылайды, қажет ақпаратты таңдауды анықтайды.


Гештальтпсихология негiзiнде жүргiзiлген кейбiр зерттеулерден көптеген қызықты фактлер алынған. Осылай Б.В.Зейгарниктiң зерттеулерiнде сыналушыларға бiреуiн соңына дейiн орындауға рұқсат беретiн, екiншiсiн соңына дейiн аяқтамай бiтiретiн тапсырмалар сериясын ұсынған. Нәтижесiнде сыналушылар аяқталмаған тапсырмаларды соңына дейiн жеткiзген тапсырмаларға қарағанда екi есе жиi есiне түсiре алған. Бұл құбылысты былай түсiндiруге болады. Тапсырманы алғанда сыналушыларда оны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. К.Левин квазиқажеттiлiк деп атаған бұл қажеттiлiк тапсырманы орындау барысында күшейедi. Тапсырма орындалса ол жүзеге асады, ал тапсырма соңына дейiн жетпесе ол қанағаттанбайды. Сәйкесiнше мотивация есте аяқталмаған тапсырманың iзiн сақтап, естiң таңдамалығына әсер етедi.

CC ғасырдың басында естiң мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкiлдерi сәйкес процестердiң жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуына тәуелдi деп пайымдады. Мағыналық байланыстар есте сақталған материалды азды-көптi көлемдi мағыналық құрылымдарға бiрiктiредi. Бұл бағыттың көрнектi өкiлдерi А.Бине мен К.Бюлер болды. Олар есте сақтауда, қайта жаңғыртуда материалдың мағыналық мазмұны басты орын алатынын көрсеткен.

Алғаш балалардың есiнiң жоғары формаларын жүйелi түрде зерттеген көрнектi кеңес психологы Л.С.Выготский болды. Ол өзiнiң шәкiрттерiмен бiрге естiң жоғары формалары шығу тегi жағынан әлеуметтiк және психикалық әрекеттiң күрделi формасы екендiгiн көрсеттi. Выготский ұсынған жоғары психикалық функциялардың шығу тегi туралы теорияның шеңберiнде естiң фило- және онтогенетикалық даму сатылары анықталды.

Выготскийдiң жұмыстары француз ғалымы П.Жаненiң зерттеулерiне ықпал еттi. Француздардың психологиялық мектебi барлық ес процестерiнiң әлеуметтiк келiсiлгендiгiн, адамның практикалық iс-әрекетiне тiкелей байланыстылығын дәлелдедi.


Кеңес психологтары ерiктi мнемикалық iс-әрекеттiң күрделi формаларын зерттеудi жалғастырды. Онда ес процестерi ойлау процесiмен байланыстырылды. Осылайша, А.А.Смирнов пенП.И.Зинченконың iс-әрекеттiң психологиялық теориясы позициясынан жүргiзiлген зертеулерi естiң заңдылықтарын мағыналанған адам iс-әрекетi ретiнде ашуға жол бердi, есте сақтаудың қойылған тапсырмаға тәуелдiлiгiн және күрделi материалды есте сақтаудың негiзгi тәсiлдерiн тапты. Мысалы, Смирнов ойларға қарағанда әрекеттер жақсы есте сақталатындығын, ол әрекеттердң iшiнде қиындықтарды жеңумен байланыстылары ұзақ есте сақталатындығын тапты.

Естiңфизиологиялық теориясынжасағанИ.П.Павлов және П.К.Анохин зерттеулерi бойынша жүйкелiк импульстар нейрон арқылы өткенде, өзiнiң iзiн қалдырады – бұны нейрондық модель теориясы деп те атайды. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады немесе өзiнiң клетка денесiне қайта оралады.Жүйке клеткаларында осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болады. Сөйтiп, клеткалардың өз-өзiнен жанауы iске асады. Мұндай құбылыстар жүйесiн iздердiң сақталып қалудың физиологиялық субстраты деп есептейдi.


Естi нерв клеткаларының iшiндегi биохимиялық реакциялармен түсiндiретiн ХХ ғасырда терең зерттелiне басталған биохимиялықтеория. Еске сақтау екi сатылы сипатта болады деген жорамал бар. Сонда алғашқы сатыда тiтiргендiргiштер тiкелей әсер еткеннен кейiн мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болады. Олар нейронда физиологиялық өзгерiстерге әкеледi. Екiншi сатыда, бiрiншi реакциядан кейiн жаңа белоктiк заттар (протейiндер) пайда болады. Бiрiншi сатыдағы реакция секунттар мен минуттарға созылады содан оны қысқа мерзiмдi естiң физиологиялық механизiмi деп есептейдi. Ал екiншi кезеңдегi клеткада болатын химиялық өзгерiстердi ұзақ мерзiмдi естiң механизiмi деп есептейдi. Бұны атжалманндарға өткiзiлген эсперименттерде тексерген және адамдардан байқаған. Мысалы, егер адамға бiр әсерден кейiн мидағы электрохимиялық iзi биохимиялық өзгерiстерге айналмай түрғанда (10 секунттың iшiнде) бұл әрекет үзiлсе (мысалы, есiнен танып қалғанда, эпилепсия жағдайында), онда соңғы әсердi адам есiне түсiре алмайды.

Естiң зерттеулерiнiң iшiнде кибернетикалық модельдеу де бар. Бұл арқылы естiң биокибернетикалық теориясы пайда болады. Әр түрлi ЭВМнiң (электро-есеп машина) iшiндегi мәлiметтердi сақтау және солармен жұмыс iстеудi ойластырған кезiнде, адам есiнiң механизмдерiне сүенген. Сонда бұл теория бойынша адамның миының әрекеттерi бағдарламалардан (алгоритмдердiң жиынтығынан) түрады деген. Сөйтiп адам миын, сонымен бiрге естi де, кибернетикалық модельдеу арқылы зерттейдi. Бұл бағытта копьютерлердiң электронды есте сақтауларын, қайта жаңғыртуын қарастырады. Адамның есте сақтау қабылетi ЭВМнiң есiнен әлде қайда асып кетедi, бiрақ адам бұл қабылетiн саналы түрде қолдана бермейдi. Сөйтiп, ЭВМнiң адамға толық ұқсас болуы мұңкiн ба деп сұрағанда, жасанды интеллектiсi бар машиналар, мұңкiн сол деңгейге жетер, дейдi. Естi психологиялық зерттеудiң табыстарына қарамастан iздердiң есте қалуының физиологиялық механизмдерi мен естiң табиғаты толығымен зерттелмеген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет