Тұлғааралық конфликтілерді шешудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Тұлғааралық конфликтілерге қатысушы оппоненттердің эмоциялары
Конфликтінің қандай тәсілмен шешілетіндігінде оппоненттердің одан шығу стратегияларын таңдау негізді мәнге ие болады: Конфликтіден шығу стратегиясы оппоненттің оның қорытынды кезеңіндегі мінез- құлқының негізгі бағыты болып табылады. Конфликтіні шешудің 5-негізгі стратегиясын (тәсілдерін) бөліп көрсетеді: бақталастық, ымыра (компромисс), ынтымақтастық, қашу және бейімделу (Томас, Килменн,1972).
Аталмыш стратегияларды қолданудың мақсатқа сәйкестігін қарастырайық.
Бақталастық-оппоненттің конфликтідегі өз мүдделеріне бағдарланудан, екінші жаққа өзі қалаған шешімді зарлап міндеттеуден, өз мүдделерін іске асыруға байланысты ашық күрестен тұратын мінез-құлық стратегиясы. Бақталастық мына жағдайларда ақталады: ұсынылған шешім айқын конструктивті болғанда; нәтиже жекелеген тұлға, шағын топ үшін емес, бүкіл топ, ұйым үшін қолайлы болғанда; аталмыш стратегияны жүргізуші үшін күрес нәтижесі маңызды болғанда; оппоненттің ақыл-кеңестерін тыңдауға уақыт болмағанда.
Ымыра оппоненттердің конфликтіні жарым-жартылай келісімге келу арқылы аяқтау тілектерінен тұрады.Ол бұрын ұсынылған талаптардың жартысынан бас тартумен, екінші жақтың жарым-жартылай негізделген талаптарын мойындауға әзірлікпен , кешіруге әзірлікпен сипатталады.
Бейімделу, немесе көну күрестен мәжбүрлі түрде немесе өз еркімен бас тарту және өз позицияларын беру ретінде қарастырылады. Оппоненттің мұндай стратегия қабылдауына әр түрлі мотивтер мәжбүр етеді. Бұл өзінің қателігін ұғыну, оппонентпен жақсы арақатынасты сақтап қалу қажеттілігі, оған өте қатты тәуелді болу, проблеманың мағынасыздығы болуы мүмкін.
Проблеманы шешуден кету, немесе қашу,шығын аз болып тұрған кезде конфликтіден шығу әрекеті болып табылады. Конфликт барысындағы осы тәріздес мінез-құлық стратегиясынан ерекшелігі сол, мұнда оппонент оған өз мүдделерін белсенді стратегиялардың көмегімен іске асыру әрекеттері сәтсіз болғаннан кейін өтеді.