Отандық психологияда ассоцианистiк тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен зерттелiндi. Ассоциациялардың ойлау механизмi ретiндегi мәнi А.Ф. Эсауловпен ерекше аталды. 2. Вюрцбурлық мектеп.Вюрцбурлық мектеп - сана психологиясын зерттеген бағыттардың бiрi. Бұл мектептiң негiзiн салушылар – О. Кюльпе және К. Бюлер, ал өкiлдерiне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.б. Вюрцбурлық мектеппен зерттелiнген негiзгi мәселелер: а) ойлаушы субъекттiң белсендiлiгiн анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретiндегi ойлаудың қасиеттерiн сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесiнiң психологиялық механизмдерiн түсiндiру.
Сәйкес әдiстеменi шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсiлдерiн таңдау процесi мен қолдану сипаты субъектпен шешiлетiн нақты мiндеттерге байланыстылығын атап өттi. Осылайша, вюрцбурлық мектептiң негiзгi қосқан үлесi – ңмiндетң ұғымын енгiзуi (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi интроспекция әдiсiн өзгерттi. Субъекттiң өзiнiң iшкi ойлары, елестерi, күйзелiстерi жөнiндегi есебi белгiлi-бiр қойылған сұраққа жауапты iздеу, белгiлi-бiр мiндеттi шешу жолымен жүрдi. О. Кюльпе ңОйлау психологиясың еңбегiнде ойлау мен ерiктi зерттеуде интроспекциялық әдiстi қолданды. Зерттеген мәселелерi: ңэмпирикалық ойлауң деп аталатын және формалдық логика заңдарына сүйенетiн ңтаза ойлаудың ң нақтылы жүзеге асуын көрсететiн психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бiр қосқан үлесi - ңдетерминациялық тенденцияларң тұжырымдамасын шығарып, негiздеуi. Басқаша айтқанда, бұл – себептендiру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды түртiп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзiнен-өзi пайда қалыптаспайды. Ол тiкелей сыртқы орта әсерiнен пайда болады.
Сезiмдiк елестер мен ойлаудың арақатынасын түсiндiруде бұлар мынадай пiкiрде болды. Өз-өздiгiнен сезiмдiк елестер мен олардың кез-келген үйлесiмi тiптi оңай логикалық есептi шешiп бере алмайды. Себебi, есептi шешу үшiн берiлген мiндеттiң сезiмдiк көрiнiсiнен тыс, одан еркiн болатын, есептiң (мiндеттiң) шарттары мен мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады.
Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi ойлаудың басқа психикалық процестерден өзiндiк ерекшелiктерiн көрсеттi: тұтастылығы, белсендiлiгi, бағыттылығы, бейнесiздiгi және т.б.
Вюрцбурлық мектептiң негiзгi идеялары О. Зельцтiң еңбектерiнде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуi ретiнде анықтады. О. Зельц өз алдына ойлау iс-әрекетiнiң қандай да бiр нәтижесiнiң жүзеге асуындағы интеллектуалдық iс-әрекеттiң әрбiр сатысының қызметiн анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекетi ретiндегi ойлауды түсiндiру үшiн оның мiндеттi шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретiнде қарастыру керек.
О. Зельц мiндеттi шешу барысы мен тәсiлдерiн сипаттауда үш ұғымды енгiздi:
Арнайы реакция, яғни берiлген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес келетiн объективтi қажеттi жауап.
Операция – осындай жауапты анықтайтын амал.
Әдiс, яғни субъектпен мiндеттi шешу тәсiлi ретiнде саналанатын және пайдаланылатын операция.
О. Зельц репродуктивтiк және продуктивтiк ойлау түрлерiн эксперименттiк зерттеуде ойлау процестерiнiң ерекше ңпроблемалық комплексң түрiндегi шешiлетiн мiндеттiң құрылымымыен себептенетiнi жөнiнде тұжырымға келдi. Бұл ңПроблемалық комплекстiңң ерекшелiгi – онда аяқталмағандық элементiнiң болуы. Осы аяқталмаған элементтi толтыру берiлген мiндеттi шешу нәтижесiн анықтайды. Мұның өзi негiзiнен антиципация схемасын жүзеге асыру, яғни әлi табылмаған шешiмдi алдын ала болжау негiзiнде iске асады. Бұл кезде субъектпен мiндеттi шешуге қажеттi интеллектуалдық операциялар жаңғыртылып, есептiң шешiмi табылады (комплекстi толықтыру, абстракция және ұқсастықтарды қайта келтiру әдiстерi арқылы).
Осындай, проблемалық жәйттiң құрылымының тұтастылығын қалпына келтiру идеясы кейiн гештальтпсихология өкiлдерiнiң зерттеулерiнде, сондай-ақ басқа да, мысалы, творчестволық ойлау зерттеулерiнде басшылыққа алынды.