Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Меншіктің түрлері. Меншік объектілері мен субъектілері



бет17/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
1-ä?ð³ñ. Ýêîíîìèêà æ?íå ê?ñ³ïêåðë³ê íåã³çäåð³ ï?í³, ?ä³ñòåð³ ìåí

3. Меншіктің түрлері. Меншік объектілері мен субъектілері.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.
Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.
Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.
Меншік — өте күрделі және көп жақты құрылым, «сегіз қырлы, бір сырлы» күбылыс. Бұл типтес құбылыста біреу емес бірнеше формалар болады. Тарихқа меншіктің екі формасы мәлім — жалпы және жеке меншік. Бұлардың бірінен бірінің айырмашылықтары қоғамдастырудың дәрежесі мен иеленудің сипаты, формалары және әдістерімен айқындалады. Бұлар бір-біріне өте кұрделі өзара әсер етеді.
Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады, Бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштык хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншікгің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуаддық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансүлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншікгің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.
Меншіктің формалары мен түрлерінің дамуы, әуел бастан, өмірге қажет мүліктерді өндіру әдісімен белгіленеді. Асырап сақтаушы ландшафтың (дегейдің) объектері ұзақ мерзім бойы кейбір этникалық топтардың (рудың, тайпаның, қауымның) жалпы пайдалануында болып келді. Жеке меншік, индивидуалдық пайдалану мен жеке дара меншіктің негізінде қалыптасады. Жеке қару-жарақ, аң мен балық, аулау құралдары, қолөнер-кәсіпкерлік еңбек құралдары, жеке меншіктің алғашқы объектері болды. Жеке меншікке көшу мүмкіндігі тек жеке өндіріс қалыптасқанда пайда болады, яғни жеке отбасы, индивид қауымнан, немесе осы сияқты топтан жекеленіп, өзінің жеке құн көрісін өзі қамтамасыз ете алатын болған жағдайда. Алдымен бұндай шарттар қол өнер мен сауда-саттық ісінде пайда болады. Егіншілікте ұзақ мерзім бойы семья-отбасылық қауымның ұжымдық еңбегі қолданылды, кейінде мұның орының ауылдың көршілес қауымы басты. Мұндай қауымға дуализм тән болады: егістікке, жайылымға, орманға, суға жалпы меншік сақталса да, әр иемденуші өзінің. отбасы-семьясымен өзіне бөлінген, немесе, өзі игерген жерді жыртып өңдейді. Жалпы және жеке меншік жалғыз мәннің әр түрлі көрінісі болып мындаған жылдар бойы қатар өмір сүріп келді. Бірақ, олардың рөлі мен мағынасы, коғам мен өркениеттіліктің әр түрлі типтерінің дамуында, бірдей болмайды.
Меншікті анықтау барысында меншік субъектілері мен объектілері қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет