Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет57/81
Дата16.02.2023
өлшемі280,94 Kb.
#68281
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.

Егер қандай да бір салада бірнеше фирма нарықтың басым бөлігін бақыласа, онда мынадай тәртіп орнайды:




A

олигополия




B

олигопсония




C

монополия




D

жетілген бәсеке




E

монопсония




2.

Олигополияға мінездеме беретін белгі:

A

ұсақ фирмалардың көптігі, әртекті өнімдер, нарыққа шығу қиындығы жоқ, бірақ, ақпарат алу қиынырақ

B

ұсақ фирмалардың көбісі, сатып алушылар өте аз, нарықта еркін ақпарат алу

C

ұсақ фирмалар саны көп емес, ірі фирмалар бар, нарыққа кіруде қиындықтар туындайды

D

ұсақ фирмалардың көбісі бірдей тауарлар шығарады, ақпараттың барлық түріне қолдары жетеді

E

бір ірі фирма болады, бірдей тауарлар шығарады, бағаны басқарады

3.

Егер қандай да бір салада бірнеше фирма нарықтың басым бөлігін бақыласа, онда мынадай тәртіп орнайды:

A

жетілген бәсеке

B

олигополия

C

монополия

D

монопсония

E







4.

«Не өндіру керек» деген мәселені нарықтық экономикада байланысты:

A

экономикадағы мамандану деңгейін анықтаумен

B

өндіріс құрал-жабдықтарын әлде тұтыну заттарын өндіруді таңдау

C

дамуы өкіметке байланысты болатын жүйені құру

D

жетілген бәсеке нарығының дамуымен.

E

монополияның дамуымен

5.

Жетілген бәсеке жағдайына тән қасиет:

A

ұқсас тауарлардың өндірілуі

B

еркін баға белгілеу

C

ақпараттық жетіспеушілігі

D

дифференциялдық тауарлар

E

нарықтан шығу және кіру қиын




1

9 апта№9 дәріс



9-дәріс. Капитал (қорлар). Өндіріс шығындары. Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
1. Кәсіпкерлік капитал. Негізгі және айналмалы капитал.
2. Амортизация және амортизациялық қор.
3. Инвестициялар.
4. Шығындардың түрлері және олардың жіктелуі. Тұрақты және өзгермелі шығындар.
5. Пайданың экономикалық табиғаты. Жалақы. Пайыз - капиталдан түсетін пайда. Рентаның түрлері.


1. Кәсіпкерлік капитал. Негізгі және айналмалы капитал. Капитал (ағылшынша - бас мүлік, бас сома, латынша - ең басты) - экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған:

  • сауда капиталы (көпес капиталы түрінде),

  • тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық,

  • өнеркәсіптік.

Капитал категориясына ең толық, жан-жақты зерттеуді өзінің «Капитал» (1867 ж.) деп аталған еңбегінде К.Маркс жүргізген. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнән, мазмұнын айқындап көрсетеді. К.Маркс капиталды зат деп қоймай, ол оны қозғалыс деп тұжырымдады. «Капитал» экономикалық ғылымның тарихында капиталды капиталистер мен жалдамалы жұмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі болады деп көрсетті - станок, машина, шикізат, т.б. түрінде.
Капиталға берілетін екі негізгі анықтама: бірінші — капитал деген құрал-жабдықтар жиынтығы («заттық» концепция), екінші — капитал деген ақша сомасы («монетарлық»). Екі жақ та капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.
Капитал (нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіsбасты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.
Ақша айналымға пайда түсіру үшін, яғни бастапқы жұмсалған сомадан артық сома алу мақсатында жұмсалған жағдайда капитал болады. Капитал айналымының жалпы формуласы мынадай: А-Т-А’; мұндағы А’=А+DА, ал DА – ақша өсімі. Ақша нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамдарда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданылған, яғни бұл қоғамдарда капиталдың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Саудагерлер тауарларды сатып алу-сату арқылы баға деңгейінің ауытқуынан пайда түсіріп, капиталын арттырып отырған. Өсімқорлар ақшасын шаруаларға, қолөнершілерге, ақсүйектерге қарызға беріп, олардан осы ақшаның төлемдік өсімін алып, қаражатын молайтқан. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет