Дәріс тақырыбы және тезистер


Жай сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі



бет7/14
Дата20.10.2022
өлшемі45,24 Kb.
#44329
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
2.Жай сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі.
Тілдің біршама аякталған, тиянақты ойды білдіретін бөлшегі - жай сөйлемдер. Сөйлемде субъект болмысының толық көрінуі, ойдың тілдегі тікелей көрінісі, оның сыртқа шығуы, жүзеге асуы әр түрлі болады. Сөйлеуші сөзінің жүзеге асуы белгілі коммуникативтік мүлдеге тәуелді бола отырып, ситуацияға да қатысты болып келеді. Жай сөйлемдер классикалық синтаксистік тұрғыдан айту мақсатына қарай хабарлы. лепті, бұйрықты, сұраулы болып бөлінгенмен, функииональдық стилистикалық қолданыс шеңберінде алуан түрлі табиғатымен ерекшеленеді.
Қазір біз абақтыдағыларды босатамыз. Абақтыны алуға келген кісіні білесің бе? Кәдімгі Мәмбет!-деді Батырбек қатарласа шапқан Оразға (X. Есенжанов). Мәтінде жай сөйлемнің үш түрі қатар колданып тұр: хабарлы, сұраулы, лепті үш түрлі ойдың көрінісі, хабарлы таза коммуникативтік қатынастың негізгі құралы ретінде құбылыс, ойды хабарлы түрде жеткізу болса, онда ешқандай мағыналық реңк көрінбей де екінші сұраулы сөйлем анық сұрақты білдіріп түр, келесі лепті сөйлемге ерекше екпін түсіріліп, қуанышты көңіл-күймен айтылып экспрессивтілік мән туғызып тұр.
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде толық оймен фактіні, деректі, хабар, ғана беріп қоймай, оны эмоционалдык, әсер беру мақсатында жұмсайды. Сөйлем туралы сөз еткенде парцелляция құбылысы туралы айта кету керек, себебі автор парцелляцияны экспрессивтілік мақсатт пайдаланады. Парцелляция жай және құрмалас сөйлемдердің құрылымында белгілі стильдік мақсатпен қолданылып отырады.Парцелляция эмоция мен ойшылдықтың нәтижесінен шығатын синтаксистік конструкция болғандықтан, онда стильдік мәнер толық көрінеді. Мысалы: Осы үміт жалпы мызғымайтын әрі табанды, әрі жақын, әрі берік, әрі құрметті күшті сүйеніш болды (О. Бөкей). Парцелляция - ғылыми стильде сирек кездесетін құбылыс. Парцелляция құбылысы белгілі функциональдық стильдерге телінген мәтіндерде мынандай қызмет атқарады:
-бейнелеуші-суреттеуші, ол көркем әдебиетте суреттеліп отырған болмыс пен деректің көркемдік образдылығын күшейтіп көрсету үшін;
-ауызекі сөйлеу стилінде жалпы көркем ойдың жеке детальдарын әсерлі жеткізу үшін колданылады. Синтагмалардың арасында кідіріс жасалынады, айтылған ырғақтың созылыңқылығы адресатқа назар аударту тәсілі ретінде де колданылады;
-субъекті сөзінің сөйлеу мәнерінің имитациялык тәсілі ретінде көріне алады. Пікірдің эмоционалды-бағалаушы стилистикалық композициясына қызмет етеді: ирония, сарказм, сынау, мінеу, көңіл-күйінің ерекше сәттерін суреттеуде т.б. қолданылады.
Ситуациялық контекстуалды толымсыз сөйлемдердің бірі - эллипсистенген сөйлемдер. Сөйлемнің құрылысы, құрамы сөйлеу ситуациясына, контекске бағынышты болады. Ендеше, сөйлемнің ой тиянақсыздығы, мазмұнның толық ашылмауы басқа сөйлемдерді қажет етеді. Эллипсистенген сөйлемдер функциональдық стильдердің барлығына тән. Эллипсистенген сөйлемдер ресми стильдің кіші жанрларында көп кездеседі. Ондай сөйлемдер қысқа қайырымды, бірақ көлемі аз болғанмен маңызды, өтімді, бұйрықты мәнде келеді.Тілдің үнемдеу заңынын нәтижесінде пайда болған эллипсистенген сөйлемдер - ой білдірудің ерекше формасы. Автордың коммуникативтік мақсатын толық орындайды, ыкшамдылыққа негізделе отырып стилистикалық мәнге ие бола алады.Эллипсистенген сөйлемдер өзі қатысып тұрған стильде өзіндік ерекшеліктерімен жарнамалық көрініс беру үшін қысқа қайырым кұруға бейім болып тұрады. Мысалы: Дирекция мәжілісте, студенттер сессияда, мекемеде жөндеу жұмыстары. Эллипсистенген сөйлемдер кеңсе тілінің негізгі синтаксистік құрылысының қысқа әрі нақты мазмұнын құрайды. Сонымен бірге ресми құжат мәтіндерінің такырыптары да осындай сөйлеммен беріледі. Жер мәселесіндегі өзгерістер. Отбасы құрамы. Ісхаттардың куәлігі. Эллипсистенген сөйлемдер ғылыми стильде сирек ұшырасып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет