Дәріс тақырыбы және тезистер


Ғылыми стильде сұраулы сөйлемдер ғылыми



бет9/14
Дата20.10.2022
өлшемі45,24 Kb.
#44329
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ғылыми стильде сұраулы сөйлемдер ғылыми талас тудырған мәселені шешуде қолданылады: "Біріккен сөздерді қалай жазуымыз керек?(М. Балақаев). Сұраулы сөйлемдердің астарында болжам мен күдік, акиқат пен шындық сияқты мәселелердің негізгі шығу көздерін іздеуге жетелейтін прагматикалық мақсат жатады, соған итермелеген сұрақтың жауабын алуды адресант өзіне міндет етеді. Сұрау белгісі күдіктің барлық мағынасын бере алады, реалды ақиқатты табуға ниеттенеді.
Ауызекі сөйлеу стилінде интонация арқылы сұраулы сөйлемнің стильдік бояуы әр түрлі реңкте көріне алады. Автор сұрай отырып өтінішін канағаттандырады немесе күдікті сейілту міндетін көздейді, дұрыс жауаптың шешімін іздейді, өз ойының дұрыстығына көз жеткізу сияқты мүмкіндіктерді ашады. Сұраулы сөйлемдерде сұрақ берген адресанттың түпкі ойының прагматикалық мақсаты да ашылып отырады.Тілдік қолданыста сұраулы сөйлемдердің кызметі сан алуан, ол хабарлап отырған нәрсені талап етіп қана сұрау мақсатын көздемейді, өз ойын жеткізуде сұраулы сөйлемді стилистикалық тәсіл ретінде пайдаланады.Автор өз ойын дәл нақты жеткізу үшін окырман назарын аудару мақсатында сұраулы сөйлемдерді колданады. Ол сол сұрак аркылы айтылар ойдың негізгі түп қазығын таниды да, әрі карай сол сұрактын жауабын алған соң өз ойын жалғастырады. Сұраулы сөйлемдердің басты мақсаты өмірдің әр түрлі құбылыс болмысының ақикат-шындығын тану үшін әрі сұраушының танымдық дәрежесін көрсету үшін де қолданылады. Сұраулы сөйлемдер кейде хабарлау, пікір алысу қызметінде көріне отырып, өз ойының нақты пікірін жеткізуді көздейді Адам ойының нағыз шындығын тек акиқатка негіздеген тұжырымына белгілі бір нәрсе жайында ойлау онын жауабын табу, сұрау, анықтау негізінде көз жеткізуге болады.
4.Лепті сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі.
Лепті сөйлем адамның көңіл-күйінің әр түрлі эмоциясын білдіреді. Лепті сөйлем жай және құрмаластың ішінде де жеке парцелляциялық құбылыстарда, эллипсистенген сөйлемдерде жиі ұшырасады. Эмоция да экспрессивтілік сөйлемдердің барлық түрлерінде де кездеседі.Лепті сөйлемнің белгісі - леп белгісі. Леп белгісі "эмфаза көрсеткіші" деп аталынады. Эмоция сөйлемдердің ішінде лепті сөйлемнің құрамына ғана тән, басқа сөйлемдер бірде эмоцияға қатысты болса, бірде қатыспауы да мүмкін.Эмоция - адам жанының әр түрлі реакциясы. Лепті сөйлемдер субъективті психологиялық процесс ретінде алынады. Сөйлемнің құрамында субъективті психологиялық процесті білдіретін адам сезімінің әр түрлі реакциясын көрсететін сөйлемдер - лепті сөйлемдер.Функциональдық стильдерде лепті сөйлемдер ауызекі сөйлеу стилінде, көркем әдебиетте және публицистикалық стильде жиі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде оның әр түрлі жанрларында, әсіресе, поэзиялық шығармаларда жиі ұшырасады.
Публицистикалық стильдің электронды-ақпараттық салаларында лепті сөйлем жиі қолданылады. Мысалы, тек қана алға! Лепті сөйлемнің белгісі - леп белгісі, адресанттың жан-дүниесінің психологиялықжай-күйін білдіреді, адресаттың да жан-дүниесін ассоциациялайды.Лепті сөйлемдерде ерекше байқалатын стильдік мәнер мынандай мақсаттардан туындайды: құмарлық, құштарлық, тілек, ниет, шабыт әр түрлі императивтік мағыналары арқылы стилистикалық әсер беріп отырады. Қоғам мен адам, адам мен адам арасындағы қарым-қатынастағы қарама-қарсы сезімдерден тұратын психологиялық ерекше құбылыс нәтижесін көрсете алады. Одағайлар лепті сөйлемнің құрылуының алғы шартына негіз болады. Автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, адам басындағы сол алуан толғаныс сыртқы дүниеде түрлі мағыналық реңкте интонациямен, екпінмен сыртқа шығады. Оның бәрі лепті сөйлем арқылы беріледі.Поэзиялық шығармаларда лепті сөйлемнің құрамы да, мағынасы көп болуы занды құбылыс. Сөйлемнің сан түрлі мағыналық түр кездеседі.Ұлым, менің бұл сөзіме бағарсың,Жанар кезде өзің де от боп жанарсың,Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ,Ал, басқасын өзің тауып аларсың! (Т- Молдағалиев). Бұл өлең жолдарындағы әр сөйлем жеке сөз етіп алғанда лепті сөйлем болып кетеді. Бірақ бір ойдың бірнеше қабаттары айтылып, негізгі айтылатын ой тиянақталатын кезде лепті сөйлеммен аяқталады.
Бұйрықты сөйлемдердің прагмастилистикалық қызметі.Бұйрыкты сөйлем де лепті сойлем сиякты мазмұны әр түрлі болып келеді. Олардың әр түрлі болу себебі бұйрык қалай, қандай жағдайда қандай мақсатпсн айтылғанымен байланысты. Бұйрықты сөйлемдегі баяндауыштар кұрамының сөйлемде орналасу тәртібі әр түрлі болады Лепті сөйлемге қарағанда бұйрықты сөйлем лирикалық шығармаларда көп кездесе бермейді. Лирикалық шығармаларда қатал бұйрықты өктемдікті талап ететін сөйлемнен гөрі тілекті, өтінішті, жалынышты қажет ететін сөйлемдер жиі кездеседі. Қатал бұйрыкты сөйлем лирикалық шығармада кейіпкерлер арасындагы диалогтық катынастағы сөйлем түрінде кездесіп қалады. Сөйлемде айтылған бұйрық мағынасындағы сөздің өзі төл сөз катарында, кейде қаратпа сөз құрамында кездесіп отырады. Бұйрықты сөйлемдер қатал бұйрыкты, тілек, есиет, үндеу мағынасындағы сөйлем болып келеді.Бұйрықты сөйлем біреуді бір іс істетуге "әрекет ету" мақсатында айтылады. Бұйрықты сөйлем жалаң тілекпен ғана айтылмайды, кісінің еркін, талабын. кеңесін, тілегін, жалынышын білдіреді. Казіргі қазақ тілі окулығында бұйрықты сөйлем ауызекі сөйлеу тіліне тән, көркем әдебиет стилінде диалогта жиі ұшырайды делінген. Бұйрықты сөйлемдер көбінесе рай категориялары арқылы жасалынады, негізінен таза бұйрық мағынасы бұйрық раймен, тілек, өтіну, жалыныш, тілек қалау рай арқылы жасалынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет