Дәріс тақырыбы және тезистер


Сұраулы сойлемдердің прагмастилистикалық қызметі



бет8/14
Дата20.10.2022
өлшемі45,24 Kb.
#44329
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
3.Сұраулы сойлемдердің прагмастилистикалық қызметі.
Сөйлемнің айтылу мақсатының әр түрлі сипаттарына қарай жауап немесе кейде сөйлеушінің өзі жауабын таныту қызметіне байланысты сөздер тізбегі сұраулы сөйлемдердің негізін құрайды.Жалпы тіл білімінде стилистика және тіл мәдениетіне қатысты қаралатын медитативті сұрақ деген атаумен аталатын сұраулы сөйлем түрлері бар. Медитативті сұраулы сөйлемдер "ойлану-толғану" сұрақтары деген мағынаны білдіреді, бұл сұрақта адресант өзінің тыңдаушысынан жауап алуды көздемейді; адресанттың өзіне-өзі қарап айтқан сұрауы. Сұраулы сөйлемдер функциональдық стильдердің барлық түріне тән болғандықтан, олардың әркайсысында ерекше өзіндік белгілерімен анықталып отырады. Ауызекі сөйлеу стилінде ол барлық іс-әрекет амалын, себебін, мақсатын білдіруге, көруге, анықтауға, түсінуге, мағлұмат алуға жұмсалынады. Ресми стильде ол негізінен ресмилік ақиқат-мәліметтің қоғамда реттеуші, басқарушы, жабдықтаушы, орындатушы міндетін анықтау мақсатында қолданылады.
Публицистикалық стильдегі сұраулы сөйлемдердің негізгі кабылдауы белгілі хабарламалық және прагматикалық аспектіге негізделеді. Тіл мен сөйлеуді байланыстыратын бір арнаға негізделетін сөйлеу әрекеті. Сөйлеу әрекетінің тікелей қолданысында немесе оны айту мақсатының астарында әр түрлі әрекеті, сұрау міндеті тұрады. Адресантгың сұрақ қоюы субъективті, стилистикалық бағалаушы категорияға негізделеді. Адресант өз сұрағының негізінде прагматикалық мақсатын еш жасыра алмайды, сұрақ аркылы басқа сұрактың жауабын да іздейді; ал адресат тарапынан алынған "жауап" сөйлеуші сұрағын қанағаттандыруы да мүмкін, керісінше болуы да ықтимал.
Публицистикалық стильдегі әлеуметтік нақты сұрақ (сұраулы сөйлемде) прагматикалық мәселе көтеріледі. Қоғамдағы келеңсіз әрекеттер себебін іздейді, неге сұрағының төңірегінде ой өрбітіп, көпшілік әлеуметтік және психологиялық ықпал ету күшін көрсетеді. "Жас Алаш" газетінің бір ғана номерінде (20 қаңтар 2005) мақала тақырыбының өзінде-ақ риторикалық сұрақты білдіретін сұрау сөйлемдер жиі кездеседі. Мысалы: Құлмаханов көке, Халқыңызға бір қарайлап қойсаңыз қайтеді? Кремлдегі күресте ел мүддесі толық ескерілді ме? Назарбаев неге шет қалды? Шетелдік инвестицияның қазаққа пайдасы бар ма? Біздің елде мешіт салудың машақаты көп немесе Тараз мұсылмандарының маңдайы қашанғы тасқа тиеді? Ананас қандай жеміс? Синоптиктің қазақшасы не? Немесе қазақ радиосындагы қазақтарға қазақ тілі керек пе? Каспийде қуаныш болуы мүмкін бе? Мұнай кеніштерінде жер сілкінісінің қаупі бар ма? Алматыда қаншалық? Біз нені білуге тиіспіз? Күннің бетіндегі қандай дақ? Осында 14 сұраулы сөйлем қоғамның сан-салалы қызметінің түрлі көкейтесті мәселелерінің сырын ашуда тақырыптың өзінде ерекше стильдік мән-мағына алып отыр.
Адресант белгілі коғамдық өмірдің өкілі ретінде реалды шындықты іздеу мүмкіндіктерін қарастырады, жеке тұлғаны да толғандыратын мәселеге қоғамдық тұрғы деңгейіндегі реалды шындықпен көзқарастарды жинақтап, коғам болмысының көрінісіне жауап іздейді, соның ақиқатына жауап алу мақсатын көздейді, сондықтан әр түрлі сұраулы сөйлемнің стилистикалық қызметі жеке мәнерлі қолданыска түседі. Кез келген стильдің аясында сұраулы сөйлемдер адамның сұраныс көзкарасының белгісіздігін ассоциациялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет