Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Публицистикалық стиль, оның қолданыс аймағы мен қызметі.
Публицистикалық стильдің жанрлық көптүрлілігі, тілдік белгілері.
Дәрістің мазмұны: Публицистикалық стильдің белгілері, оның қалыптасуына ауызекі сөйлеу және көркем әдебиет стильдерінің әсері. Осы стильдегі шешендік шеберлік, оған қойылатын талаптар.
Публицистикалық стиль де әртүрлі стильдік бояуға ие тілдік құралдардың кең қолданысымен ерекшеленеді. Олардың ара қатынасы шығарманың жанры мен стиліне байланысты. Мысалы, очерк жанры көркем стильге жақын болса, ақпараттық мақала іс қағаздары стиліне жақын.
Публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) - функциональдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында, саяси, мәдени экономикалық қарым-қатынастарды көрсетуге қызмет етеді. Публицистикалық стильдің екінші бір ерекшелігі бар: ол - ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ыкпал етеді әрі әдеби тілдің лексикалық-грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады. Публицистикалық стильге газет, журнал, радио, теледидар, деректі фильмдер тілі жатады.
2
№ 15 дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): Көркем әдебиет тілі.
Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігі.
Дәрістің мазмұны: Көркем әдебиет тілінің әдеби тілдің функционалды стильдері жүйесіндегі орны, ол туралы көзқарастар. Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы. Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше болады. Көркем әдебиет тілінде сол ұлт тілінің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем шығарма тілі табиғатының ерекшеліктері, олардың іштей жанрлық жағынан бөлінуіне, оның осы салаларыньң негізгі функциясына байланысты айқындалатындығына көңіл аударылып отыр. Көркем әдебиет стилі-өте күрделі стиль саласы.