Санитариялық бағалау. Некробактериоз - белгiлi бiр мүшелер зақымданған болса, кәдеге жаратуға жiбередi. Ұшасын шектеусіз шығарады. Септикалық процесс кезiнде ұшасы мен мүшелерiн кәдеге жаратуға жiбередi. Жергiлiктi патологиялық үдерістерде (жұтқыншақ, мұрын, көмекей, iшкi органдары немесе аяқтарының зақымдануы) зақымдалған бөлiктерiн утильге жiбередi де ұшасын пайдаланады. Қағынды тигенде ұша мен органдарын техникалық өңдеуге (утильге) жiбередi. Кейбiр органдары зақымданғанмен, ұшаның қоңы жақсы болса, оны пайдалану жолдарын бактериологиялық тексеруден кейiн анықтайды (патогендiк кокктар, сальмонеллаларға т.б. тексередi).
Күл - шешек (Variola, оспа) - ауылшаруашылығы малдары (әсiресе қойдың) мен құстың жұқпалы жiтi ауруы. Қоздыруышсы - құрамында ДНК бар күл вирустарының тобына жататын эпителилiк вирус, ол бiркелкi көлемдi. Iрi қара күлiнiң вирусы малдың барлық түлiгiн және адамды зақымдайды, ал қой мен ешкi күлiнiң вирусы тек қана осы малдарды зақымдайды. Вирусты - 12-15С мұздатқанда екi ай бойы тiршiлiгiн сақтайды. Ауру қойдың жүнiнде 2 айға дейiн, жайылымда 62 тәулiк өмiр сүредi. 53С ыстықта 15 мин, ал 60-80С ыстықтықта лезде өледi. Кептiрген материалда жыл жарымға дейiн уыттылығын сақтайды.

Сояр алдындағы диагностика. Күл малдың әр түлiгiнде әр қалай өтедi. Iрi қара мал мен жылқы жеңiл түрiмен ауырады. Iрi қараның әдетте терiсi, желiнi, жылқыда ауыз қуысының шырышты қабықтары (күлдiреуiк) немесе терiсi, түйенiң ауыз бен танауының шырышты қабықтары, оның айналасындағы терiсi, шошқаның бас, төс етегi, аяқтарының iшкi жақ терiлерi зақымданады. Қойдың (кейде ешкi мен шошқада) бүкiл денесi бөрiтiп кетедi. Несебiне қан араласады, қан тышқақтайды, тұмсығынан қан ағады.