Сойғаннан кейiнгi диагностика. Ауру малдың бас жағының (май тұмсық, ерiн, қабақ), санның iшкi жағы, желiн, ұма терiлерi зақымданады. Ол жерлерде қызыл дақ байқалады, кейiннен олар қабыршықтанып түсiп қалып, қызыл дақтар жалаңаштанады немесе тыртық пайда болады. Өкпесi, бүйректерi, көк бауырында өзгерiстер байқалады. Сiрi қабықтары қаңталайды. Лимфа түйiндерi ұлғаяды шырынды келедi. Санитариялық бағалау. Малдың күл ауруы. Залалсыз iсiк түрiнде ауырған болса және пустулалар жазыла бастаса, ірi қара малдың, қойдың, ешкiнің және жылқының патологиялық өзгерiстері бар, iсiп кеткен тіндері алып тасталғаннан (тазалағаннан) соң, өнеркәсіптік қайта өңдеуге жiберiледi. Санитариялық бағалау. Малдың күл ауруы. Залалсыз iсiк түрiнде ауырған болса және пустулалар жазыла бастаса, ірi қара малдың, қойдың, ешкiнің және жылқының патологиялық өзгерiстері бар, iсiп кеткен тіндері алып тасталғаннан (тазалағаннан) соң, өнеркәсіптік қайта өңдеуге жiберiледi. Тұтастып кеткен және гемморогиялық түрдегі ауру малдың сойылған ұшасы, сондай-ақ басқа да өнiмдерi жоюға жiберiледi. Күлдiң жеңiл түрiмен ауырған малдардың ұшасы мен органдарын, зақымдалған жерлерiн алып тастағаннан кейiн тежеусiз пайдалануға жiбередi. Күлдiң геморрагиялық және гангреноздық түрлерiмен ауырған қой, ешкi және шошқа ұшаларын iшкi органдарымен қоса қайта өңдеуге жiбередi. Терiсiн дезинфекциялайды. Псевдотуберкулез - (Pseudotuberculosis). Жалған туберкулезде ауыл шаруашылығы малдарының органдарында iрiмшiк тәрiздi түйiншiктер қалыптасқан, сырттай қарағанда туберкулезге ұқсас ауру. Қоздырушысы -Соrynebacterium pseudotuberculosis ұсақ, қозғалмайтын, әр түрлi пiшiндi, граммен оң боялатын таяқша, спора мен капсула түзбейдi, бұл ауылшаруашылығы малдары, бұғы және үй қоянында да ауру тудырады. Қоздырушы тоңазытылған тағам өнiмдерiнде, су iшiнде ұзақ уақыт сақталады, 2,5% карбол қышқылы, 0,25 % формалин ерiтiндiсi 1-6 мин, ал хлораминнiң 3-5 % ерiтiндiсi 1 мин iшiнде өлтiредi. Сояр алдындағы диагностика. Ауырған малда осы ауруға тән белгiлер байқалмайды. Кейде жеке лимфа түйiндерi зақымданып, қолмен басқанда тығыз, ауырмайтын iсiк байқалады. Малдың жалпы жағдайы аса өзгермейдi. Аурудың ауыр түрiнде өкпесi және сауын малының желiнi қабынады, сауылған сүтi сарғыштанып, iшiнде түйiртпектерi болады.
Достарыңызбен бөлісу: |