Сойғаннан кейiнгi диагностика.Көк бауыры, шажырақай мен шап лимфа түйiндерi ұлғайған, қатаральдық бронхопневмония, фиброздық желiнсау, плеврит байқалады. Нақты диагноз зертханалық тексеруден кейiн қойылады.
Хламидиоз - (Chlamydiosis) - жiтi және созылмалы түрiнде өтетiн ауыл шаруашылығы және жабайы хайуандар мен құстардың ауруы. Бұл аурумен адам да аурады. Аурудың қоздырушысы Chlamydiaceae тұқымына жататын Сhlamydia түрi. Риккетсиялармен туыстас, дегенмен өзiнiң құрылысы жөнiнен риккетсия мен вирустың аралығында. Ұлпа iшiндегi қоздырушы бөлме температурасында 2 тәулiк, 50С ыстықтықта 30 мин, 70С-15 мин, 37С 5 тәулiктен кейiн өледi. Аурудың қоздырушысы ауру малдың түсiгi, сүтi, несебi т.б. экскременттерiмен бөлiнедi. Аурудың қоздырушысы егiлген (эксперименттi жұқтыру) iрi қара малды 10 тәулiктен кейiн сойғанда етiнен хламидии табылған (25%), ондай еттiң әр кесегiн 1 кг етiп, ашық ыдыстың iшiнде пiсiргенде ауру қоздырғышы 90 мин кейiн өледi.
Сояр алдындағы диагностика. Ауру мал iш тастайды немесе өлi туады, сондай-ақ пневмония, эндомерит, шор буын болады, бұзау, торай, қозы, құлында энцефаломиелит белгiлерi байқалды. Iшi тастар алдында малдың денесiнiң қызуы көтерiледi, жыныс органдарынан басында шырышты, кейiннен iрiңдi сұйықтық ағады. Сиыр, қой, шошқаның сүтi кемидi, арықтайды.
Сойғаннан кейiнгi диагностика. Iш тастаған аналықта эндометрит және сiрi, кiлегейлi немесе кiлегейлi iрiңдi желiнсау байқалады. Жыныс органдарының шырышты қабығында көптеген геморрагия мен эрозия кездеседi. Желiн үстi лимфа түйiнi ұлғайған. Бауыры мен бүйректерi қабынған. Бұзаудың iшектерi зақымданған (кiлегейлi гастроэнтрит). Шажырақай лимфа түйiндерi үлкейген және шырынды келедi, жүрек етi қабынған (миокардит).