Дәріс Тақырыбы: Математиканы оқыту процесіндегі есептердің рөлі. Математикалық есептердің функциясы. Математикалық есептердің классификациясы. Математикадан деңгейлік есептер жүйесі. Мектеп математика есептерін шешуге үйрету


Иллюстративтілік функциясының мағынасы



бет6/6
Дата13.03.2023
өлшемі189,5 Kb.
#73921
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 1-3

Иллюстративтілік функциясының мағынасы – математикалық заңдар мен құбылыстарды модельдеу және сызбалар- мен нақтылау арқылы оқушылардың алған білімін тереңдете түседі. Игерген математикалық заңдар мен заңдылықтарды есеп шығару барысында қолдану есептің мазмұнын терең түсінуге, алған білімді бекітуге және білімінің немқұрайлы сипатын жеңуге көмектеседі. Таныстыру ­ақпараттық функциясының мағынасы – тарихи есептермен танысу; математика тарихы элементтерімен танысу; ұлттық құндылықтар мен компоненттерді меңгеру, қосымша әдебиеттерде іздеу жұмыстарын жүргізу; ғаламтор және т.б. Байланыс орнату функциясының мағынасы – есепті шығару барысында мұғалім мен оқушының арасында, оқушылардың өзара іс-әрекетінің түрлері қалыптасады. Біріктіруші функциясы – бұл құрылымдаушы және жүйелеуші функция жаңа білімді беру, білімді бекіту және жалпылау сабақтарында іске асады. Математикалық есептерді шығарудың функцияларының ішіндегі маңыздысы – пәнаралық байланысты (есептеу, дененің кеңістіктегі орнының координаталарын анықтау, графиктерді салу және оған талдау жасау, тағы басқа көптеген тапсырмалар) қалыптастыру және дамыту [19].

Бақылау функциясының мағынасы – арнайы таңдалып алынған есептер көмегімен оқу амалдарын, білімді меңгеруін, оқу іс-әрекет тәсілдерін бақылау іске асады; есептер арқылы өзара бақылау, пәндік және жеке рефлексия, өзін-өзі бақылау қалыптасады. Бағалау функциясының мағынасы бақылау жұмыстары, ағымдағы емтихандар, сынақтар, мектеп бітірушілердің жоғары оқу орындарына түсу емтиханында (ұлттық бірыңғай тестілеуде) есеп түрінде жүргізіледі. Есептер көмегімен оқушылардың білімін және білігін тексеру қарапайым, ыңғайлы және қатесіз тәсіл болып табылады. Математиканы оқытудың тиімділігін арттыруды математикалық есептердің барлық дидактикалық функцияларын іске асыру арқылы қол жеткізуге болады деп есептейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Әбілқасымова А.Е. Жалпы білім беретін мектепте математикалық есептерді шығаруды оқытудың әдістемелік негіздері. - Алматы: Мектеп, 2019. - 340 б.; 2. Джанабердиева С.А. Математикалық есептер шешудің әдістемелік негіздері. - Алматы : Абай атындағы ҚазҰПУ, 2013. - 127 б.; 3. Крофт Энтони. Математика негіздері. - Алматы: Дәуір. 1-бөлім / Р. Дэвисон. - 2013. -392 б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет