Дәріс Тақырыбы: Оқушылардың физиологиялық және психологиялық дамуы пәні



бет18/28
Дата19.04.2023
өлшемі362 Kb.
#84590
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
ОФД. Лекция жинағы, 2022 ж 2

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық / М.Ә. Бөлешов.- Алматы: Отан, 2019.

  2. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасына әлеуметтік және экологиялық факторлардың әсері: оқу құралы / С.А. Ерманова.- Қарағанды: Ақ Нұр, 2016.

  3. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. С.О. Ордабеков. 2012

  4. Жас ерекшелік психологиясы. Ұ.И. Ауталипова. 2017.

  5. Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.М. Маусумбаева. 2017.

  6. Жалпы физиология. М.Н. Мырзаханова, Н. Мырзаханов. 2019.

Дәріс 5.
Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің физиологиясы.
Дәріс мақсаты: Ішкі секреция бездері, олардың қызметі, бөлетін гормондарының ағза тигізетін әсерін, жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие беруді қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

  1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік.

  2. Гормондар гумарльдық реттелудің факторы.

  3. Жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері және бұл кезеңнің гигиенасы.

Ішкі секрециялы бездердің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі.Олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуне т.б.) қатты әсер етеді.Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу деп аталады.
Эндокриндік бездердің (гр.endon – ішкі, crineo - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік бездері, айырша без, бүйрекүсті безі, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ұйқы және жыныс бездері – аралас бездерге жатады. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпалар мен мүшелерге және бүкіл организмге әсер ете алады:

  1. метаболизмдік – зат алмасу процестердің түрлі жағдайлары мен жиілігіне әсері;

  2. морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпалардың өсуіне, өзгеріске, метаморфозға);

  3. кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторалға әсері;

  4. түзетілуші (коррекциялық) – ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылауы, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).

Адам мен жоғары сатыдағы жануаралардың гормондарын химиялық құрылым ұқсастығын, физико – химиялық, биологиялық қасиеттердің ортақтығын негізге ала отырып 3 класқа бөледі.

  1. Белоктың – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоген, сомататропин т.б.);

  2. Стероидтар (бүйрек – үсті безі қабығының және жыныс безі гормондары);

  3. Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин, норадреналин).

Гормондардың түзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан әр ішкі секреция бездері тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бас қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α – глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі төмен байланысқан гормон бөлінеді.
Эндокринология ішкі секреция бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасқан. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды.
Гормондар өте активті заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы вегетативті жүйке жүйесімен, жоғарғы ми қызметіне байланысты болып кетеді. Бұл бездердің көлемі өте шағын, жалпы салмағы 100 г-нан аспайды. Эндокринді бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста болады. Сол себепті бір бездің бұзылуы басқа да бездердің жұмысына әсер етеді.
Аденогипофизде бірнеше гормондар түзіліп қанға құйылады:

  • сомататропин және өсу гормоны (СТГ);

  • тиреатропин (ТТГ)

  • адренакатикатропин (АКГТ) (бүйрек үсті безі);

  • гонотдотропин (ГТГ) – лютеинді (ЛТГ), лютеотроп (ЛТГ), фалликуластимулдаушы (ФСГ).

Эндрокринді бездерді орналасқан жағдайы мен шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді:

  1. нейрогенді бездер – гипофиз және эпифиз;

  2. бронхиогенді бездер – қалқанша безі, қалқанша маңы безі, айырша безі;

  3. хромофинді бездер – бүйрек үсті безі, параганглиялар;

  4. қарын асты безі (ұйқы безі);

  5. жыныс бездері (эндокринді бөлігі жатады).

Без қызметінің кенеттен тыс күшейіп, қанға гормондық көп бөлінуін гиперфункция деп атайды, ал без қызметінің нашарлап, гормонның аз шығуын – гипофункция деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет