Дәріс тақырыбы: «Сауықтыру дене жаттығуларының физиологиялық негіздері» Құрастырушы: Р. Б. Лесбекова Дәрістің мақсаты



бет2/3
Дата02.11.2023
өлшемі81,95 Kb.
#121429
1   2   3
Байланысты:
11-лекция-Лесб

Жергілікті тиімділіктер. Тірек-қимыл аппараты жетіледі. Сүйек ұлпасы қатайып, остеопороздың (сүйектің әлсіздігі) дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Аэробты сипатты шынықтыру жүктемелері І типті бұлшық ет талшықтарының мөлшерін арттырады. Динамикалық жүктемелер (жүгіру, жүзу) кезінде бұл талшықтар қатты ІІ типті талшықтарға қарағанда қатты жуандайды. Қан жүйесінде – қанның оттектік сыйымдылығы артады. Жүректе қуытардың бірыңғай кеңеюі (дилятациясы) жағдайында миокардтің бірыңғай гипертрофиясы дамиды, артерия қан тамырларының қуыстары кеңейеді. Ересектердің өкпесінде сауықтыру дене жаттығуларының әсерінен толықтырулы-бейімделулі процестер жеңілдеп, соның есебінен тыныс алу көлемі артып, тыныс алу жиілігі төмендеп, ағзаның аэробты мүмкіндіктері артады. Қаншалықты ағзаның аэробты мүмкіндіктері жоғары болса, соншалықты адам өлімінің көрсеткіштері төмен болады.
Айқас тиімділіктер ағзаның тек қана дене жүктемелеріне ғана емес, қоршаған ортаның басқа жағымсыз факторларының әсеріне бейімделуінің артуымен айқындалады. Ағзаның қатты қызып кетуге, қатты салқындауға, өткір радиация әсерлеріне тұрақтылығы артады.
3. Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері
Сауықтыру дене жаттығуларына – гимнастика, сауықтырулы жүру, сауықтырулы жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, ойындар, туризм жатады.
Таңертеңгі гимнастика адамның жұмысқа қабілеттілігін ұйқыдан кейін тезірек арттыруға; денсаулықты нағайтуға; ағзаның шынығуына, бұлшық ет аппаратының, жүрек-тамыр және тыныс алу жүйелерінің жетілуіне; сондай-ақ, лимфа айналымын күшейте отырып, ұлпалардың ісінуін болдырмауға ықпал етеді.
Өндірістік гимнастика ақыл-ой және дене еңбегінің өнімділігін арттырады, кәсіби ауруларды төмендетеді. Кіріспе гимнастика жұмыс жасайтын қимыл орталықтарының белсендірілуіне және жұмыс орындаған бұлшық ет топтарындағы қан айналымның күшеюіне ықпал етеді. Дене шынықтыру үзілістері белсенді тынығудың жақсы құралы болып табылады.
Сауықтыратын жүру кеңінен қолданалатын ағзаны сауықтыратын, 6,5 км/сағ шапшаңдықпен орындалатын шапшаң жүру. Жүрудің мұндай шапшадығы кезінде ЖСЖ 120-130 соғу/мин-қа дейін жетеді. Сауықтырулы жүруге (аптьасына 1 сағаттан 5 рет) шынықтырудың 12 аптасынан кейін зерттелушілерде оттегінің минуттық қолданылуы бастапқы күймен салыстырғанда 14%-ға артуы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет