Дәріс тақырыбы: «Сауықтыру дене жаттығуларының физиологиялық негіздері» Құрастырушы: Р. Б. Лесбекова Дәрістің мақсаты



бет1/3
Дата02.11.2023
өлшемі81,95 Kb.
#121429
  1   2   3
Байланысты:
11-лекция-Лесб


Дәріс тақырыбы: «Сауықтыру дене жаттығуларының физиологиялық негіздері»
Құрастырушы: Р.Б.Лесбекова
Дәрістің мақсаты: Сауықтыру дене жаттығуларының адамның функционалді күйіне әсерін зерттеу.
Дәріс жоспары:
1. Адамның қимыл аппаратына жеткіліксіз жүктеме түскендегі ағзадағы өзгерістер.
2. Сауықтыру дене жаттығуларының ағзаға әсері.
3. Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері.
4. Тиімді қимыл тәртіптері.
4.1. Дене жүктемесінің тиімді көлемі.
4.2. Дене жүктемесінің тиімді қарқыны.
1. Адамның тіршілік салтының өркендеуі дене жүктемесінің және қаңқа бұлшық еттерінің ширығуының азаюына әкеп соқты. Қимылдардың жеткіліксіздігі ағзаның барлық жүйелерінің қалыпты қызметін бұзады және гипокинезия мен гиподинамияның ерекше күйлерінің пайда болуына әкеп соғады. Гипокинезия – қимыл белсенділігінің төмендеуі. Гиподинамия – бұлшық ет ширығуының төмендеуі.
Қимыл белсенділігінің жеткіліксіздігі бірқатар келеңсіз жағдайларға, атап айтқанда:
1. қимыл орталықтарының, әсіресе қимыл орталығының бағдарының бұзылуына;
2. бұлшық еттердің күшінің, шапшаңдығының және төзімділігінің азаюына;
3. қаңқа бұлшық еттерінің және миокардтің атрофиясына және дегенерациясына;
4. жүрек мөлшерінің кішіреюіне, қанның минуттық көлемінің азаюына, ЖСЖ-ң және қан айналым уақытының артуына;
5. Ішкі сөл бөлетін бездер қызметінің төмендеуіне;
6. негізгі алмасудың 5-20%-ға төмендеуіне әкеп соғады;
7. ОЖЖ-не келіп түсетін импульстердің афференттік ағымының азайып, нәтижесінде психикалық белсенділік, төмендейді, әлсіздік, ұйқы басуы, селқостық қалыптасады.
2.Сауықтыру дене жаттығуларының ағзаға әсері.
Дене жаттығуларының жалпы, жергілікті немесе арнайы және айқас тиімділіктері бар. Жалпы тиімділіктер ағзаның барлық жүйелерінің қызметінің жетілуінде: 1. Негізгі алмасу 5-20%-ға артады; 2. Тірек-қимыл аппаратынан келіп түсетін жүйке импульстерінің афферентті ағымы ОЖЖ белсендіреді, жүйке орталықтарының бағдарын жақсартады, адамның тітіркендіргіштерге реакциясының адекватты және нақты болуын қамтамсыз етеді; 3. аэробты жаттығулар денелік және психикалық денсаулықтың үйлесімділігіне әсер етеді. Адамның өзіне деген сенімділігі артады; 4. Сауықтыру дене жаттығулары стресстен қорғану факторы болып табылады, өйткені олар қандағы катехоламиндердің қалыпт мөлшерін қамтамасыз етеді; 5. Сауықтыру дене жаттығулары қалыпты салмақты сақтауға ықпалын тигізеді; 6. Сауықтыру дене жаттығуларымен үзбей шұғылдану қартаюдың алдын алудың күшті құралы болып табылдаы. Сауықтыру дене жаттығуларымен шұғылданатын адамдар жас көрінеді және 10-15 жас ұзақ өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет