Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет65/72
Дата29.12.2023
өлшемі0,57 Mb.
#144810
түріҚұрамы
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
Байланысты:
Дәріс тақырыбы Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)-emirsaba.org

Сөзжасамдық тарам.
Сөзжасамдық тарам термині словообразовательная парадигма мәнінде қолданылады. Осы термин орыс тіл білімінде де кейінгі кезде қолданыла бастады. Бұрын тарам термині морфологияда ұзақ уақыт қолданылғаны белгілі. Мысалы септік тарамы (парадигмасы), жіктік тарамы (парадигмасы) сияқты қолданыс ғылымда әбден таралған, таныс ұғымға айналған. Бұл термин барлық тіл біліміндегі сөздіктердің бәрінде сөз түрлендіру жүйесі мәнінде түсіндірілген. Соңғы кезде сөзжасамдық тарам термині қолданыла бастады. Морфологиялық тарамда да бір сөз түрлі сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленеді. Сөзжасамда да бір сөзден бірнеше түрлі сөз жасалады. Морфологиялық тарамдар жиі қолданылады, сөзжасамдық тарамда одан әлдеқайда сирегірек қолданылады және сөзжасамдық тарамдағы сөздердің лексикалық мағынасында айырма болса, морфологиялық тарамдағы сөздердің лексикалық мағынасында айырма болмайды да, айырма тек грамматикалық мағынада болады.
Сөзжасамдық саты.
Ғылымда сөзжасамдық саты мәселесі өте аз зерттелген, арнайы зерттеулер жоқтың қасы. Алайда сөзжасамдық ұяны зерттеушілер саты туралы анықтама қысқа түсініктер беріп отырады. Сөзжасамдық сатыдағы туынды сөздер туынды сөз жасайтын негіз сөз бен одан туынды жасаушы жұрнақтан тұрады. Мысалы, ойла, ойлан, ойландыр деген туынды түбір сөздерді алсақ, олардың әрқайсысы әртүрлі сатыға жатады. Осы үш туынды түбір үш сатының сөздері. Өйткені олардың әрқайсысының құрамында туынды сөз жасауға негіз болған сөз бар, олар: ой, ойла, ойлан және оларда туынды түбір жасаушы жұрнақ бар, олар : -ла, -н, -дыр жұрнақтары.
Саты негіз сөз бен туынды сөзді жасаушы көрсеткіштен құралатын сөзден тұрса, ойла, ойлан, ойландыр туындыларының әрқайсысы толық сәйкес.
Дәріс тақырыбы: Морфология. Сөз таптарының шығуы мен даму
Сөздер өзара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей тұрғанда ойды білдіре алмайды. Егер олар сөйлем ішінде бір-бірімен байланысса, онда ойды білдіре алады. Сөздердің бір-бірімен байланысуы, тіркесуі грамматика арқылы, нақтырақ айтсақ, морфология мен синтаксис арқылы іске асады.
Грамматика, ең алдымен, сөздердің бір-бірімен қатынасын білдіреді. Ол қатынас - грамматикалық қатынас. Яғни сөйлемдегі сөздер грамматикалық формалар (жұрнақтар, жалғаулар) арқылы бір-бірімен байланысып, грамматикалық қатынасқа түседі. Сөйтіп, грамматика ойды түсінікті етеді.
Грамматиканың екі саласы бар: морфология және синтаксис. Морфология - сөздердің морфологиялық кұрылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың формалары, сөз таптары туралы ілім. Ал синтаксис - сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемдегі қызметі, сөйлем мүшелері туралы ілім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет