Дәріс тақырыбы: Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі)



бет33/72
Дата10.10.2022
өлшемі205,02 Kb.
#42209
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72
Дауысты дыбыстар:
а) дауысты дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі толық тербеледі;
ә) дауысты дыбыстар буын құрайды;
б) дауысты дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады.
Дауыссыз дыбыстар:
а) дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі кем тербеледі (қатысады) немесе мүлдем тербелмейді (қатыспайды);
ә) дауыссыз дыбыстар буын құрамайды;
б) дауыссыз дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында сөйлеу мүшелерінің бірінің кедергісіне ұшырап шығады.
Дауысты дыбыстар
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстарының жүйесі 9 дауысты дыбыстан құралады. Олар: А, Ә, Ы, І, Е, Ү, Ұ, О, Ө.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар құрамына қарай: жалаң (А, Ә, Ы, І, Ұ, Ү) және құранды (О, Ө, Е) болып екі топқа бөлінеді. Жалаң дауыстылар қоспасыз бірыңғай таза дыбысталады. Ал құранды дауыстылардың сапасы күрделі болады. Қазақ тілінің құранды дауыстылары екі сыңардан тұрады. Оның алғашқы сыңары үнді дауыссыз болып басталып, соңы толық дауысты дыбысқа айналады. Құранды дауыстылардың сыңарларының жасалым, айтылым және естілім деңгейі де анық аңғарылады.
Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айтқанда, 1) жасалу орнына 2) еріннің қатысына және 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп ашылуынан жуан дауыстылар (а, ы, о, ұ) жасалса, тілдің тандайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар (ә, е, і, ө, ү) жасалады. Дауысты дыбыстарды  жуан дауыстылар (гуттураль) және жіңішке дауыстылар (палаталь) деп екі топқа бөліп қараудың түркі тілдерінде сингармонизм заңдылығын (дауыстылардың үндесу заңдылығын) танып білуде үлкен мәні бар.
1) Жақтың қатысына қарай:
а) ашық дауысты дыбыстар жақтың кең ашылып, тілдің төмен қалпы арқылы жасалады – А, Ә;
ә) қысаң дауысты дыбыстар жақтың тар ашылып, тілдің жоғары қалпы арқылы жасалады – Ы, І, Ұ, Ү;
б) құранды дауысты дыбыстарды екінші басым сыңарының жасалым белгілеріне лайық, шартты түрде, қысаң қатарына жатқызуға болады. Шартты болу себебі құранды дауыстының бірінші бағынышты сыңарының жасалуына да жақтың өзгеше қатысы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет