Гумбольт: тіл халықтың рухы, рух дегеніміз халықтың тілі деп есептеді.
Соссюр тілді тарихи қалыптасатын күрделі белгілердің жүйесі ретінде қарастырды.
Хайдеггер тіл болмыстың үйі дейді. Тіл бәрінен үлкен, онда ұлттың тарихы, таным-түсінігі, жадысы түгел жинақталған. «Адам тілмен емес, тіл адамдармен сөйлейді десек дұрыс болады “дейді ойшыл. Тілдегі қалыптасқан сөздерді бұзып айта алмаймыз. Тілдің заңдылықтарын оқып үйренеміз. Сондықтан тіл бәрімізден үлкен. Хайдеггер болмысты тану үшін тілге құлақ түру керек дейді. Тілдің өзін сөйлету керек. Соның ішінде поэзияны жоғары бағалайды. Болмыс өз мәнін поэзияда ғана шынайы ашады дейді. Поэзияны адамзаттың ең алғашқы алғытілі деп санайды.