«Жан» (псюхе, анима) – деп біз адамның ішкі әлеміндегі өмірге деген іңкәрін, оның күнбе-күнгі қуанышы мен зардабын, оның жарқын, я болмаса күңгірт ұмтылуларын, жалпы алғанда, өмір сүруге (витальдық) бағытталған күш-қуатын айтамыз. Яғни, оны адамның дене құрылысымен өте тығыз байланысты сезімдік-психикалық құбылыстардың жиынтығы деуге де болады.