«Қазақстандағы 100 жаңа есім»жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Қазақстан – «Ұлы Дала» Елі. Ұлы даланы мекендеген ата-бабаларымыз жабайы жылқыны алғаш рет қолға үйретті. Ұлы дала болмысы, тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі нағыз ұлттық идеологияның негізі болып табылады. «Ұлы Дала» – ұлтымыздың кіндік қаны тамған, ата-бабаларымыздың қаны мен тері сіңген құт қонған, ұялы мекені. «Ұлы Дала» туған еліміздің қадір-қасиеті, болмысы мен мәдениеті, тарихы мен өмірі, абыройы мен айбыны. Біздің міндетіміз - Ұлы даланы қастерлеу, құрметтеу, тарихын зерттеу, соны тек зерттеп қана қоймай болашақ ұрпақтың игілігіне жарату.Ұлы даланың қазіргі жастарын рухты болуға, ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке, жерді сүюге тәрбиелеу. Бір сөзбен айтқанда, бұрынғы ата-бабалардай ержүрек азаматтарды дайындау болып табылады.
Бірқатар дәрістер You Tube желісінде. Сабақ барысында сілтемелер беріліп, ұсынылатын болады