Дәріс тақырыптары: дәріс. «Философияның пайда болуы, пәні, әдістері мен қызметтері». Дәріс



бет1/15
Дата30.09.2022
өлшемі47,08 Kb.
#40917
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ 2021


Дәріскер: аға оқытушы Қошқарбаев Ерболат Еркінұлы
Дәріс тақырыптары:


1 Дәріс. «Философияның пайда болуы, пәні, әдістері мен қызметтері».
2 Дәріс. «Болмыс мәселесі. Онтология және метафизика».
3 Дәріс. «Сана және тіл».
4 Дәріс. «Таным және шығармашылық».
5 Дәріс. Білім, ғылым, техника және технологиялар
6 Дәріс. «Адам».
7 Дәріс«Өмір және өлім. Өмірдің мәні».
8 Дәріс. «Этика. Құндылықтар философиясы».
9 Дәріс. «Еркіндік».
10 Дәріс. «Өнер философиясы»
11 Дәріс. «Қоғам және мәдениет».
12 Дәріс. «Тарих философиясы».
13 Дәріс. «Дін философиясы»
14 Дәріс. «Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы».


1 Дәріс. «Философияның пайда болуы, пәні, әдістері мен қызметтері».


Философия - адамзат баласының сонау көне заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Философия сөзі грек тілінен аударғанда – «даналықты сүю», «даналыққа махаббат» деген мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғғ. Ежелгі Үнді, Қытай және Грекияда бір уақытта пайда болады. «Философия» сөзін алғаш рет қолданған грек философы және математигі Пифагор.
Философия пәні мынадай негізгі бөлімдерден құралады: 1. Онтология (болмыс туралы ілім); 2. Гносеология (таным туралы ілім); 3. Антропология (адам туралы ілім); 4. Аксиология (құндылықтар туралы ілім) 5. Этика (мораль туралы ілім) 6. Логика (ойлау заңдары туралы ілім) 7. Эстетика (сұлулықтың заңдары мен канондары туралы ілім)
Дүниетаным – дүние және ондағы адам орны туралы тұтас көзқарас. Тарих дамуында адамзат дүниетанымының үш тарихи түрі қалыптасты: Мифология; Дін; Философия; Мифология (гректің «миф» - «аңыз» сөзінен ) – қоршаған дүние туралы реалды түсінікпен қатар фантастикалық қиялдың қосындысынан тұратын ежелгі қоғам дүниетанымы, қоғамдық сананың формасы. Дін дегеніміз – дүниедегі түрлі табиғи және әлеуметтік құбылыстарды ең жоғарғы жаратылыстан тыс күш иесі – жаратушы құдайдың құдіреті арқылы түсіндіретін қоғамдық сананың ерекше формасы.
Философия – дүниетанымының ғылыми-теориялық түрі. Философиялық дүниетанымының діни және мифологиялық дүниетанымдардан айырмашылығы: 1.Нақты ұғымдармен категориялардан құралады; 2. Қиялға, сенімге емес, білімге сүйенеді; 3. Рефлексивті (ойдың өз-өзіне бағытталуы); 4. Қисындылығы (ішкі тұтастық пен жүйелілікке негізделеді.)
Философияның – дүниетаным ретіндегі эволюциясы үш кезеңнен өтті:
Космоцентризм - Әлем, табиғат құбылыстары – сыртқы күштердің – Космостың күшімен, әсерімен, шексіздігімен түсіндірілетін, бүкіл тіршіліктің космостық циклдарға тәуелділігін тұжырымдайтын философиялық дүниетаным (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, т.б шығыс елдерінде және Ежелгі Грецияға тән). Теоцентризм – бүкіл болмыс, тіршілік – тек қана құдіреттің, Құдайдың үстемдігімен түсіндірілетін пікірге сүйенетін философиялық дүниетаным түрі (Орта ғасырлық Еуропаға тән). Антропоцентризм – орталығында адам мәселесі тұрған философиялық дүниетаным түрі (Қайта Өрлеу дәуіндегі Еуропаға, Жаңа заманға, қазіргі заманға философиялық мектептерге тән.) Философиялық білімнің ерекшіліктері (екіұдайлығы). Философиялық білімнің басты ерекшелігі – оның екіқұдайлылығында. Ол ғылыми бөлімге жақын: пәні, әдістері, логткалық - ұғымдық аппараты ғылыммен ортақ.
Философияның негізгі функциялары мынадай: 1. Дүниетанымдық функция. 2. Теориялық функция. 3. Гносеологиялық функция. 4. Аксиологиялық – (грек. аxios – құндылық) функциясы 5. Әлеуметтік функция. 6.Тәрбиелік функция. 7. Болжамдық функция.
Философияның негізгі сұрағы. Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп –
ойлаудың болмысқа, болмыстың – ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады.
Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: аамның (философияның басты
міндеті болып табылатынын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы
тұтас білім жинақтаулы, қандай сипаттағы жүйе құруын – дәл осы сұраққа беретін
жауабына тікелей байланыстылығында. Материя және сана (рух) – болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі – онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды. Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі. Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні – «Дүние таныла ма, әлде, танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?» - деген сұрақ. Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар материялистерге және идеялистерге бөлінеді.
Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық жағына қатысты екі бағыт туындайды: Сенсуализм – (латынның «sensus» - сезім) – таным көзі және ақиқат өлшемі – сезімдер (түйсіктер) екені мойындалатын философиялық ағым.
Эмипиризм («эмпирио» - «сезімдік тәжірибе») - біліміздің қайнар көзі – сезімдік тәжірибе деп түсінетін философиялық бағыт. Рационализмнің (латынның ratio-«ақыл» сөзінен) негізін қалаушы Р. Декарт деп саналады. Рационализмнің басты идеясы – ақиқат білім тек ақылдан, тікелей ақылдан алынады және сезім мен тәжірибеге тәуелсіз.
Философияның даму тарихында философиялық зерттеулердің іске асуына құрал ретінде пайдалынылған және пайдаланылатын әдістер: Диалектика – заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп – салдарлық байланыстарын, қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресін ескере отырып, қарастыратын зерттеу әдісі.
Метафизика – диалектикаға қарама – қарсы әдіс. Догматизм – қоршаған дүниені догматтар шеңберінде – «жоғарыдан берілген», абсолютті дәлелдеуді қажет етпейтін мызғымас сенімдер, көзқарастар тұрғысынан ғана қарастыратын және қабылдайтын ойлау әдісі. Эклектика – біртұтас творчествоға енбейтін түрлі, еркінше алынған фактілерді, ұғымдарды, концепцияларды біріктіру нәтижесінде сырт қарағанда шын көрінгенмен үстірт, ақиқаттан алыс жатқан тұжырымдар жасау.
Софистика – ақиқат болмаса да ұтымды құрастырылған жалған алғышарттардан жаңа, логикалық тұрғыдан дұрыс, бірақ мағынасы жалған ойқорытынды жасау әдісі. Герменевтика – мәтіндер мағынасын дұрыс оқу және түсіндіру әдісі. Герменевтика батыстық философияда кең таралған. Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің саны бойынша классификациялау нәтижесінде: Монизм – болмыста бір ғана бастапқы негіздің болуы мойындалатын философиялық ілім. Плюрализм – болмыста екіден көп бастапқы негіздердің болуы мойындалатын философиялық ілім.
Философиялық ілімдерді бастапқы негіздерінің сапасына қарай классификациялау: материализм, идеализм, объективті идеализм, субъективті идеализм. Гилозоизм – тірі және өлі табиғаттың жандылығын насихаттайтын философиялық ілім. Пантеизм - Құдай (идеалды бастама) және табиғат (материалды бастама) теңестірілетін философиялық ағым: Деизм «Құдай – дүниені жаратушы» деп, бірақ «дүниені жаратып және оның заңдарын қоса шығарып бергенмен Құдай одан кейінгі пәнилік істерге араласпайды, бұл дүние өз заңдарымен дамиды» деп санайды. Онтологияның негізгі ұғымдары: Космос – ежелгі грек тілінен аударғанда «тәртіп» деген мағынаны білдіреді. Космология – ғарыш және дүние құрылысы туралы ілім. Космогония – дүниенің шығу, қалыптасу, қазіргі жағдайға дейнгі даму процесі туралы ілім.
Агностицизм – дүниенің танылмайтындығын тұжырымдайтын философиялық ағым. Агностицизм ең ежелгі, европалық формаларына софистика мен скептицизмді жатқызуға болады. Релятивизм – (латынның «relativus» - салыстырмалы) – кез-келген білімнің салыстырмалылығын, шарттылығы мен толық еместігін және соның негізінде объективті ақиқатқа жетудің қандай да болмасын мүмкіндігін терістейтін философиялық бағыт. Рационализм - (латынның «ratio» - «разум» - «ақыл-ой») – «ақыл-таным негізі, танымның басты құралы және ақиқат өлшемі» ретінде қарастырылатын философиялық бағыт. Иррационализм – (латынның «irrationalis» - «бей ақыл», «бейсана») – ақылдың танымдық қабілет-күші шектелетін немесе терістелетін, ал болмыс мәні ақылдан өзгеше және ақылға берілмейтін құбылыс, нәрсе ретінде түсінілетін философиялық бағыт.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет