Мақсаты: зат алмасу және зат алмасу түрлері туралы түсінік беру.
Жоспары: 1.Тамақтану ұғымы және зат алмасу үдерістері
2. Анаболизм.Катаболизм
3.Дене массасының индексі
Тамақтану ұғымы және зат алмасу үдерістері
Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Зат алмасу әр кезде жылу алмасумен бірге жүреді. Қоректік заттардан потенциальдық энергия бөлінеді, атап айтқанда, жылу, яғни ағзаның барлык жүйелерінің қызмет еткен белгісі, ағза үшін энергия көзі тағам. Диссимиляция процессі энергия бөлумен жүреді, яғни химиялық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бүл энергияның көп бөлігі жылуға айналады, 20-25%-механикалық энергияға айналады. Электрлік энергияға өте аз мөлшерге айналады. Энергия айналуының соңғы өнімі жылу пайда болу, ол жылу адам денесімен қоршаған ортаға ауысады. Барлық организмде клеткалық метаболизм 4 негізге арнайы қызмет атқарады:
қоршаған ортадан энергия алу және оны күрделі құрлысты қосылыстар энергиясына ауыстыру, клеткалардың энергетикалық мүқтаждылығын қамтамасыз ететін мөлшерде. -аралық қосылыстардың пайда болуы. -алдыңғы өнімдерден заттардың синтезделуі.
арнайы қызметтердің орындалуы үшін арнайы биомолекулалардың синтезі және ыдырауы.
Клетканың барлық бөлімі бірдей, яғни клетка изотермиялы.Оның әр бөлімі қысымы жағынан шамалы ғана бірдей емес.Яғни, клеткалар энергия көзі ретінде жылуды пайдалана алмайды, себебі энергия (жұмыс) тұрақты қысымда қатты жылыған алаңнан аз жылитын алаңға жылу өткенде ғана орындалады.Тірі клетка және организмді тұтас изотермиялық машина деп қарастыруға болады.
Алмасудың қарқыны, жалпы энергия шығынымен анықталатын, көптеген жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін, ең алдымен атқаратын жұмысына байланысты. Зат алмасумен энергия алмасуға әсер ететін бірден-бір фактор бұл тағамның арнайы динамикалық әсері. Организм тағамдық заттарды қабылдағанда ,жылу беру қабылданған тағамда болатын калориядан басым болады. Ең жоғары арнайы динамикалық әсер (АДӘ) белоктық заттарда (30 % дейін).
Аралық зат алмасу. Қорытылған тағамдық заттардың қанға түсуінен бастап және зат алмасудың соңғы өнімдерінің организмнен шығарыла бастауына дейінгі аралықта организмде өтетін химиялық өзгерістердің барлығын аралық алмасу деп атайды. Олар екі кезеңге бөлінеді.-катаболизм (диссимиляция )-тотығу жолымен ірі органикалық молекулалардың ферменттік ыдырауы. Бүл энергия бөле жүреді.
2. Анаболизм (ассимиляция) - ферменттер қатысуымен ірі молекулалы клеткалық компоненттердің пайда болуы.Анаболизм және катаболизм процесстері клеткаларда орналасуымен ерекшеленеді.(1-кесте)
Негізгі алмасу.Тыныштық жағдайда да зат және энергия алмасу тоқтамайды, ішкі ағзалардың үзіліссіз қызмет етуін, еттер тонусын сақтап түру үшін белгілі мөлшерде энергия жүмсалады. Негізгі алмасу -бұл организмнің тыныштық жағдайында тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін жүмсалатын энергияның ең жоғырғы мөлшері. Негізгі алмасу организмдегі зат алмасу процестерінің қарқынын көрсетеді. Бұл энергияның көп бөлігі жүрек, қан тамырлар жүйесі, бүйрек, бауыр, асқазан -ішек қызметін қамтамасыз ету үшін жүмсалады және басқа мүшелердің, і түрақтылығын үстап түру үшін. Тыныш жағдайда түрған адамның негізгі алмасуын белгілі стандартты жағдайларда, таңертеңгі уақытта, аш қарында, 2-Зтәулік бұрын белокты тағамдарды қабылдамаған жағдайларда анықталады. Негізгі алмасу көрсетілген жағдайларда организмнен бөлінген энергия мөлшерімен анықталады.ім кв дене аумағына немесе Ікг салмаққа 1 сағат ішінде. Тыныш жағдайдағы тканьдерде ететін тотығу процестері қарқынының көрсеткіші бола отырып, негізгі алмасу белгілі бір жағдайда организмнің жүйке жүйесінің және ішкі секреция бөлу бездерінің қызметтік жағдайына байланысты болады, ішкі мүшелердің қызметтік жағдайына байланыста болады. Негізгі алмасу деңгейі өзгеруі мүмкін:1)жеткіліксіз немесе артық тамақтанғанда 2)ұзақ уақытқа жүмыстың ауырлауы немесе жеңілдеуі, әр адамда негізгі зат алмасу оның жасына, бойына, салмағына, жынысына байланысты болады. Орта есеппен, ересек адамда негізгі алмасу деңгейі -1600-1700 ккал тәулігіне, ал әйелдерде 10-15% төмен болады, ерлерге қарағанда жас балаларда, өмір сүруінің алғашқы айларында жылу өндіру жоғары және ол 2 жасқа толғанда шыңына жетеді. Балаларда негізгі алмасудың жоғары деңгейі протоплазмалық массаның көп мөлшері болуымен, зат алмасудың жоғарғы белсенділігімен, ұлпалардың қарқынды өсуімен түсіндіріледі. Қартайған шақта клеткалар белсенділігі төмендеуімен бірге бүлшық еттер белсенділігі төмендейді,бұл әрине зат алмасу деңгейіне әсер етеді. Әртүрлі жануарларда негізгі алмасу қарқыны 1 кг салмаққа шаққанда әртүрлі болады, сонымен бірге, егер жануар неғүрлым кіші болса, соғүрлым Ікг салмаққа негізгі алмасу жоғары болады. Ал 1м кв ауданға шаққанда бұл шама аздап қана өзгереді. М.Рубнер (1883)-дене беткейінің заңын шығарады. Бұл заң бойынша, зат алмасу қарқыны дене бетінің мөлшеріне пропорциональды. Дегенмен бұл заң өзінің салыстырмалы маңызына ие, сондықтан организмнен бөлінетін энергияны жобалап есептеуге көмектеседі. Адамдарда негізгі алмасудың тәулік бойында өзгеріп түрады, күндерде, жылдың әр мезгілінде өзгеріп тұрады. Негізгі алмасудың маусымдық өзгерулері қозғалыс белсенділігінің өзгеруімен байланысты, организмнің гормональдық іс-әрекетінің тербелістерімен байланысты.
Біздің ағзамыз тіпті демалған кезде де энергияны жұмсайды. Энергияның шамамен 60 пайызы (жалпы күнделікті тұтынудан) дене температурасы мен жүрек соғысын сақтауға, жаңа жасушалар мен ұлпалардың пайда болуына, тыныс алуға, қан ағымына және т.б. жұмсалады. Демалу кезіндегі метаболизм жылдамдығы (ештеңе жасамау кезіндегі) базальды метаболизм деп аталады.
Белгілі бір мөлшердегі энергияны ми қажет етеді. Сондықтан адамға қатаң диеталар ұстану кезінде шоғырлану мен назарды ұстау қиын болуы мүмкін. Тамақты қорыту үшін дене энергияның 5-10 пайызы жұмсалады. Диетологтар күніне 5-6 рет аз мөлшерде пайдалы тамақ ішу метаболизмді едәуір тездететінін дәлелдеді.
Физикалық белсенділік энергияның 10-30 пайызын «алады» (егер біз кәсіби спортшы болмасақ және жұмыста көп физикалық күш қажет болмаса).
Маңызды! Күні бойы қалыпты тыныштық кезеңде калориялардың көп бөлігі белсенді метаболикалық процестер үшін жұмсалады. Физикалық жаттығу дененің күйіне әсер етеді, бірақ салмақтың шамалы өзгеруіне әкеледі.
Анаболизм – органикалық заттардың (мүше, ұлпа және басқа жасуша компоненттері) биосинтез үрдістерінің жиынтығы. Ол биологиялық құрылымның өсіп-жетілуін, жаңарып отыруын, сонымен қатар энергияның жиналуын (макроэргиялық синтез) қамтамасыз етеді.Катаболизм – күрделі молекулалардың жай заттар молекуласына ыдырауы мен энергия түзу үшін кейбір бөліктерін субстрат ретінде қалған бөліктерінің биосинтезі мен ыдырауына қолданылуына дейінгі үрдістердің жиынтығы.
Кесте 1. Зат алмасу үрлері
Ассимиляция және диссимиляция үрдістері
Зат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тыгыз байланысты ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы. Ассимиляця — зат алмасу процесінің қоректік заттарды қабылдаумен, оларды дененің құрылымына -тірі материяға (жасуша цитоплазмасына, организм қорына) айналдырумен байланысты бөлімі. Ол бірнеше сатыда аткарылады
- сыртқы ортадан организмге қажет заттарды қабылдау;
- қабылданған заттарды организм ұлпалары мен жасушалары сіңіре алатын қосылысқа айналдыру;
-жасуша құрылымын , биологиялык, белсенді заттарды түзу, ескірген құрылымдарды алмастыру, жаңарту;
-қарапайым заттардан күрделі қосылыстар түзу;
-денеде қор жинау.
Демек, ассимиляция анаболизме ұқсас түсінік, бірақ ол жасушадан тыс жүретін процестерді (қорек қабылдау, денеде қор жинақтау т.б.) қамтиды. Анаболизм — ұлпалар мен жасушалардың қоректік заттарды сіңіріп, организмге тән дене құрамын, тіршілік әрекеттері үшін қажетті қосылыстарды түзуді қамтамасыз етегін физиологиялық-биохимиялық процестер жиынтығы, Бұл процестер бос энергияны пайдалану, шығындау нәтижесінде атқарылады. Демек, анаболизм — эндоэнергиялық процесс. Анаболизм ассимиляциямен салыстырганда тар ұғым.
Биологиялық мәні жағынан анаболизм қарапайым алғы заттардан ферменттік жолмен жасушаға тән күрделі қосылыстардың-құрамалардың (полисахаридтердің, нуклеин қышқылдарының, белоктардың, майлардың) түзілуі. Демек, ол өр түрлі сөрелерден басталып, белгілі бір межеде, белгілі бір өнім түзумен аяқталады. Бұл процестер нәтижесіңде жасуша өсіп, оның құрылымы күрделенеді.
Диссимиляция — зат алмасу процесінің тірі материяны ыдыратумен, бұзумен байланысты бөлімі. Диссимиляция да бірнеше сатыда өтеді 1) организм қорын жұмылдыру (мобилизациялау); 2) күрделі қосылыстарды қарапайым заттарға ыдырату; 3) ұлпа мен жасушаның ескірген құрамаларын ыдырату, бүзу; 4) қуатты заттарды ыдыратып, энергия бөлу; 5) организмнен алмасу (ыдырау) өнімдерін бөліп шығару. Диссимиляция катаболизм процесін қамтиды. Катаболизм нәтижесінде жасушалардағы күрделі қосылыстар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды. Бұл энергияны организм өзінің тіршілік әрекетін сақтау, атқару, өніл-өсу үшін жұмсайды және түрлендіреді -энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік, жылу энергияларына) айналдырады. Катаболизм белгілі бір сөреден басталып (нақтылы бір қосылыстың — белоктың, көмірсудың, майдың ыдырауынан басталыл), әр түрлі межеде — әр түрлі өнім түзумен аяқталады.
Ассимиляция мен диссимиляция — егіз, бір-бірімен тығыз байланысты процестер. Олар бірінсіз бірі атқарылмайды. Ассимиляция болмаса диссимиляция жүрмейді, диссимиляция жүрмесе — ассимиляция тоқтайды.
Негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы. Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
1. аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
2. дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде.
3. комфортты температурада – 18-20оС
Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мəні 1 ккал/кг/сағ тең. Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-36 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мəні = 1700 ккал/тəул Əйелдер үшін = 1500 ккал/тəул
3.Қалыпты дене салмағын есептеудің ең қарапайым әдісі - ерлер үшін «биіктігі минус 100» және әйелдер үшін «биіктігі минус 110» формуласы. Мысалы, бойы 185 см болатын ер адам үшін мінсіз салмақ 85 келі болады. Ал биіктігі 168 см болатын әйел үшін дене салмағы 58 келі тамаша болады.