1) мемлекеттік қарыздар шығару;
2) коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;
3) қазынашылық несиелер.
Мемлекеттiк қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе жергiлiктi атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары.
Қарыз берушi - мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес қарыздарды мемлекеттiк кепiлдiкпен немесе мемлекет кепiлгерлiгiмен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкiлi.
Мемлекет кепiлдiк берген қарыз - мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк емес қарыз.
Мемлекеттiк емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкiметiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн және жергiлiктi атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi қарыз алушы болатын қарыз қатынастары.
Мемлекеттiк қарыздардың жіктелуі:
1 . Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
Сыртқы қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
Ішкі қарыз – қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
3 . Қарыз алу нысаны бойынша:
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
Қарыз шарттарын жасасу болып бөлінеді.
. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша: