Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі


Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері



бет32/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50
9.2 Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері

Ішкі мемлекеттік кредиттің нысандары:


1) мемлекеттік қарыздар шығару;
2) коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;
3) қазынашылық несиелер.
Мемлекеттiк қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе жергiлiктi атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары.
Қарыз берушi - мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес қарыздарды мемлекеттiк кепiлдiкпен немесе мемлекет кепiлгерлiгiмен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкiлi.
Мемлекет кепiлдiк берген қарыз - мемлекеттiк кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген мемлекеттiк емес қарыз.
Мемлекеттiк емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкiметiн, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн және жергiлiктi атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидентi қарыз алушы болатын қарыз қатынастары.
Мемлекеттiк қарыздардың жіктелуі:
1 . Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:

    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;

    • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыздары;

    • Жергілікті атқарушы органдардың қарыздары болып бөлінеді.

2 . Несие капиталының нарықтарына қарай:

  • Мемлекеттің сыртқы қарыздары;

  • Мемлекеттік ішкі қарыздар болып бөлінеді.

Сыртқы қарыз қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
Ішкі қарыз қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті, ал қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
3 . Қарыз алу нысаны бойынша:

  • Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;

  • Қарыз шарттарын жасасу болып бөлінеді.

  1. . Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:

  • Бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;

  • Борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет