Дәріс тезисі 1- тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары мен рөлі



бет40/50
Дата29.10.2022
өлшемі0,49 Mb.
#46159
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Байланысты:
лекции Каржы

Бақылау сұрақтары:

  1. Экономикалық категория ретінде сақтандырудың қажеттілігі.

  2. Сақтандырудың атқаратын функциялары.

  3. Сақтандырудың негізгі нысандары мен түрлері.

  4. Сақтандыру нарығы, оның қатысушылары.

12 - тақырып. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу


12. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі, түрлері

Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағыссыз элементі болып табылады.


Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда – өзін–өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу– қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты қолдану процесі.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен капиталдардың қозғалысына ықпал етеді.
Мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың негізгі алғышарттары мыналар болып табылады:

  • Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс–қимылын есепке алу.

  • Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламаларын әзірлеу.

  • Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

  • Елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы.

Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, ел арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына ықпал етеді.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға өте зерек өндірістік емес саланың жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.
Реттеудің екі типі бар: экономикалық (қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекақы төлеу) және әкімшілік реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік–кредиттік, кедендік–тарифтік, валюталық–қаржылық, шаруашылық ішіндегі реттеуді қамтиды.
Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте- қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықтық- тура және жанама салықтар салу, валюта-қаржылықта- сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Ортақ нысан– жоспарлау (болжау) болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет