Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін



бет35/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#46873
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Дәріс тезисі:
КСРО-дағы саяси және экономикалық дағдарыс 80 ж аяғында жартылай шаруашылық реформалар жоспарлы-әкімшілік, экстенсивті кеңестік экономикамен нарықтық механизмді біріктіруге тырысу құлдырауға және дағдарыстың тереңдеуіне әкелді. Өмір өте шұғыл шараларды талап етті,дегенмен КСРО әкімшілігі жарылыстан қорыққандығынан кеңестік мемлекеттің экономикалық негізін өзгертуге көшуге бармады.
КСРО-дағы 80 ж аяғы мен 90 ж басындағы саяси реформалар-социалистік заңдық мемлекет құру курсын жариялау, кеңестік парламентаризмнің құрылуы,басқарудың жаңа жоғары отырысы-халықтық депудаттардың сьезді, КСРО Президенті институтының енгізілуі, көппартиялықтың құрылуы-қоғамның демократиялануына алып келді. Ұлттық мүдделерді ескермеген интернационализация ұлттық саясаттағы ұрыстарға әкелді. Жылдар бойы қалыптасқан ұлтароалық қиындықтар 80 ж ортасында басталған реформалауды жүйенің ұлттық саясатты өзгертуді қаламауы-әкімшілік жүйенің қоғаммен қақтығысуына әкелді. Кеңестік уақыттағы Қазақстанның саяси өмірі орталықтан берілген бұйрықтармен анықталғаны белгілі.1986 ж 16-17 желтоқсанында тоталитарлық басқару алғаш рет ашық қарсылыққа тап болды.
Ұлттық кадрларды тағайындаудағы орталықтың саясатымен келіспеушілігін білдірген қазақ жастарының бейбітшілік шеруі трагедиялық оқиғаларға айналды. 1986 ж Алматыда болған желтоқсан оқиғаларының негізінде тарихи,қоғамдық экономикалық және саяси факторлардың кешені жатыр.
80 ж соңындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің дамуының анықтаушы бағыты демократия болды. Саяси лазунгтан қоғамды реформалайтын күшті қаруға айналған бірауыздылық өзгерістердің мінезін анықтады. Ұлттық жаңару процестердің үдеуі-формальді емес қоғамдық-саяси ұйымдардың дамуына әкелді. («әділет», «Азат», «Единство», «Желтоқсан » және т.б.) және Қазақстанның ұлттық дамуы идеясына іс-әрекеті негізделген: социал-демократиялық, «Алаш», Қазақстан халықтық конгресі сияқты саяси партиялар құрылды.
27 -28-29-30 дәріс Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы
28-Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет