Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін


Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында



бет32/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#46873
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Дәріс тақырыбы: Отан соғысына Қазақстандықтардың қатысуы.
Жоспар:
1. 40-жылдардың басындағы КСРО құрамындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуы.
2. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында:
а) Қазақстан майдан арсеналы;
ә) Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының майдандарында;
б) Бейбіт құрылысқа көшу.
Мақсаты:
Қазақстанның соғыс қарсаңындағы және Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуын қарастыру, студенттерді қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы жеңістері және маңызды табыстарымен таныстыру.
Міндеті:
Фашистік Германияны талқандауды ұйымдастыруда Қазақстанның қосқан орасан үлесін көрсету, Кеңес үкіметі халықтарының патротизмі Коммунистік партия идеологиясы негізінде қалыптасқандығын анықтау.
Әдістемелік ұсыныс:
Тақырыпты толық ашу үшін құжаттар жинағынан нақты фактілік материалдарды, Ұлы Отан соғысы туралы көркем әдебиеттерден оқу, кинофильмдерден және бейнефильмдерден үзінділерді пайдаланған дұрыс болады.
Дәріс тезисі:
1941 жылдың 22 маусымында Ұлы Отан соғысы басталды. «Барбарос саға» сәйкес, Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, Кеңестік Қарулы күште рін қысқа мерзімде талқандап, 1941 жылдың күзінде соғысты аяқтау көзделді.Гитлерлік басшылық «басқаруға ыңғайлы» болу үшін Кеңес Одағын мүшелемекші болды. Қазақстан территориясы «Гросстуркестанға» енді. Бірақ, бұл жоспары іске аспады. Совет халқы соғыстың бірінші күнінен-ақ жауға қарсы табандылықпен қарсы тұрды. Соғыстың алғашқы кезеңі өте ауыр соқты. Осындай жағдайларда Қазақстанның рөлі біршама өсті. Соғыс қара, сирек кездесетін және түрлі-түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібінің өнімдерін көптеп шығаруды талап етті. Қазақстан эвакуацияланған мекемелерді қабылдады. 1941-1942 жылдары республикаға 220 зауыттар пен фабрикалар, цехтар мен артельдер көшірілді. Қазақстанда 1941-1945 жылдары барлығы 460 өнеркәсіп орындары (эвакуацияланғандарды қосқанда) салынды. Қазақстан 85% қорғасын, 35% қалайы, 75% полиметалл рудаларын беріп отырды. Соғыс жылдары Қарағанды шахтерлары 34 миллион тонна көмір өндірді. Мұнай өндіру 39 % өсті.
Ауыл шаруашылығы да соғыс қажетіне бейімделді. Соғысқа шақырылғандардың үштен екісі ауыл шарушылығы еңбекшілері екендігіне қарамастан, көптеген колхоз дарда еңбекшілердің 80% әйелдер құрады.Колхозшылар еңбекте ерлік көрсетті. Осылайша, Ақтөбе облысындағы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берси ев тары өсіруден әлемдік рекорд жасады-әр гектардан 202 центнер, Қызылорда облысындағы «Қызыл ту» колхозының звено жетекшісі Ы.Жақаев күріш өсіруден әлемдік рекорд жасады - әр гектардан 172 центнер, осы облыстағы көрші «Аван гард» колхозының звено жетекшісі Ким Ман Сам - әр гектардан 150 центнер күріш алды. Қазақстанның ауыл шаруашылық еңбекшілері майданға нан, ет, шикізат өнімдерін беріп қана қоймай, 370 мыңға жуық эвакуацияланған мал басын сақтап қалды. Қазақ халқы осылайша майданға ет, сүт, жүн, тері өнімдерін көптеп жіберді.
Қазақстан тұрғындары танкілер, самолеттер, сонымен қатар тұтас эскадрилья құрастыру үшін жарақтар жинады. Қазақстандықтардың майдан мұқтажы үшін өз ерікте рімен өткізгендері барлығы 4700 миллион сомды кұрады. Бұдан басқа, майдангерлерге жылы киімдер, сыйлықтар жіберілді. Майданға 2,5 миллионға жуық жылы киімдер, 1600 вагон сыйлықтар жөнелтілді. Сонымен қатар, Қазақстанға ғылыми және шығармашылық коллективтері эвакуацияланды. Алматыға Москва және Ленинград киностудиялары, 20-ға жуық ғылыми мекемелер және аттары әлемге әйгілі –И.П.Вернадский, В.А.Обручев, А.М.Панкратова, А.А.Скочинский т.б. сияқты академик-ғалымдар көшірілді. Рухани қару ретінде әдебиет қызмет атқарды. Майданның және тылдың батырлары жайында Ж. Жабаев, М. Әуезов, С.Мұқанов, Д. Снегин сияқты поэзия мен проза шеберлері, Ж.Молдағалиев, С.Мәуленов, С.Сеитов, Ж.Саин-сияқты жас жазушылар жазды. Қазақстанның 90-й ақын-жазушылары соғыс майдандарында шайқасты. Соғыстың бірінші күндерінен-ақ Қазақстан территориясында әскери құрамалар мен бөлімдер жасақталды.Қазақстанда алғашқылардың бірі болып - 316 атқыштар дивизиясы құрылды. Жеке құрамының негізін – Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының еңбекшілері құрады. Командирі етіп, Азамат соғысына қатысқан, даңқты 25-Чапаев дивизиясының қатарында соғысқан – генерал-майор И.В.Панфилов тағайындалды. Барлығы 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар, әртүрлі әскери жа сақтар құрылды. Соғыс жылдары 1 196 164 қазақстандық әскер қатарына шақырыл ды. Жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер құрамы жағынан көпұлтты бол ды. Өнеркәсіп орындарында жұмыс істеу үшін 670 мың адам мобилизацияланды
Москва түбіндегі шайқаста генерал-майор И.В.Панфилов басқарған даңқты 316-ат қыштар дивизиясы шешуші рөл атқарды. Жаудың танкілеріне қарсы табандылық пен қарсы тұра білді.1941 жылдың 16 қарашасында Дубосеково разъезінде фашис тердің 18 танкісін жойып,жауды Москваға өткізбеген 1075-атқыштар полкінің өш пес ерлігі бүкіл әлемге белгілі.Осы топтың құрамында болған политрук В.Г.Клочковтың: «Россия кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ! Артымызда, Москва!» деген қанатты сөздері бүкіл майданға тарады. Барлық жиырма сегіз панфиловшыларға Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Генерал И.В.Панфилов 18 қарашада ерлік пен қаза тапты.Москва үшін шайқаста, Батыр атағын 1990 жылы ғана алған, аға-лейтенант Бауыржан Момышұлы басқарған батальон табандылық көрсетті. Кеңес Одағының батырлары Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин т.б. ерлік көрсетті. П.Б.Вихревке Кеңес Одағының батыры атағы ерлікпен қаза тапқаннан кейін берілді. Сонымен қатар, Кеңес Одағының батырлары – қарағандылық-ұшқыш Н.Әбдіров, минометші К.Сатпаев, лейтенант Г.Рамаев Отан үшін ерлікпен қаза тапты. Мыңдаған қазақстандықтар «Қарсыласу» қозғалысы мен партизандық қозғалысқа қатысты. Қазақстандықтар Қиыр Шығыстағы Жапонияға қарсы соғыс қимылдарында да белсенділік көрсетті.
Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 499 қазақстандыққа, оның ішінде 99 қазақ қа Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы атақтары берілді,ал ұшқыштар-Т.Бигелдинов, Л.Беда, И.Павлов, С.Луганский екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алды. Кеңес Одағының батыры атағын алғандардың арасында қос қазақ қыздары – М.Мәметова мен Ә.Молдағұлова бар.11 қазақстандыққа үш дәрежелі Даңқ ордені берілді. Шамамен 410 мыңдай Қазақстанның ұл-қыздары соғыстан оралмады.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының (величай шее испытание-аудару) болып табылады. Бұл соғыста 27 миллион адам құрбан болды, жарты миллионға жуық адам әскери трибунал сотына тартылды. Олар Отанын сатқаны және қорғаудан бас тартқаны үшін айыпталды. Республиканың әрбір 4-ші тұрғыны майданға және өнеркәсіптік жұмысқа кетті. Олардың көпшілігі туған жеріне қайтпады. Сонымен қатар, соғыс кезіндегі Н.А.Скворцов, Н.Д.Оңдасынов, А.Қазақбаев, Ж.Шаяхметов т.б. сияқты Қазақстан басшылары, осынау күрделі кезеңде, әскери-мобилизациялық жұмыстарда,республиканың экономикалық және басқа да салаларын басқаруда жоғары ұйымдастырушылық қабілеттерімен көрінді. Ұлы Отан соғысы ұрпақтар есінде мәңгілік қалады. Совет халқының ерлігінің белгісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет