Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін



бет8/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#46873
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
дәріс тезисі

Дәріс тезисі:
Б.з.б. 1 мыңжылдықтың басында жеке және отбасылық меншік пайда болады. Көшпелі мал шаруашылығына көшу,металлургияның дамуы барысы меншіктікке әкелді. Экономикасы мен аумағының негізінде қалыптасқан қауым рудың орнын басады.
Қауымдық құрылымның структурасы былайша қалыптасқан:аз туысқан отбасылар тобы-көшпелі қауым-тайпа-тайпалар одағы.
Тайпалар одағы өз кезегінде мемлекеттіктің қалыптасу сатыларының алғашқы негізін құрады. Билік сайланған көсемдердің қолында шоғырландырылды. Мүлік теңсіздігінің нәтижесінде қауым ыдырап таптық қоғамның нышандары пайда болады.
Б.з.б.1 мыңжылдықта ауа-райы(климат)өзгеріп,қуаңшылық басталды. Бұл жер өңдеудің азаюына және көшпелі мал шаруашылығының дамуына жағдай туғызды.
Мал шаруашылығының 3 түрі болған:
1. Көшпелі-жыл бойы көшіп-қонып жүру (Батыс және Орталық Қазақстан).
2. Жартылай көшпелі- тұрақты орындары болған, жаз мезгілін көшпелілер жоғарғы тау бөктерінде өткізген (Жетісу, Шығыс Қазақстан ).
3. Отырықшы- мұндай шаруашылық Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Шу, Талас, Арыс өзендерінің жағалауларында қалыптасқан. Суармалы егіншілік пен жер өңдеуі болған.
Сақтар әскери өнерлі жауынгер болған. Өздерінің жерін басқыншылардан ерлікпен қорғай білген. Парсы монархиясының негізін қалаған Кир сақтарға қарсы әскери жорық ұйымдастырды. Біраз сақтардың әскерін талқандайды. Бірақ шешуші шайқаста Томирис бастаған сақ әскерлері парсыларды жеңеді. Парсылардың патшасы Кир шайқаста өлтіріледі. 519 жылы ел басына 1-ші Дарий келеді.
Ержүрек сақ әскері Ширак өз өмірін қия отырып, қулықпен парсылардың әскерін сусыз шөлге апарып, адастырып қырғынға ұшыратады. Дарий бүкіл сақтарды өзіне бағындыра алмады.Сақтарды бағындыруға ұмтылғандардың бірі- Александр Македонский. 327 жылы ол парсылардың монархиясын талқандап Сырдарьяға жақындайды. Осы жерде шайқас басталады. Сақтар үлкен қарсыластық көрсетеді. Дегенмен Александрдың күші басым болады.Осыдан кейін ол сақтармен әскери-саяси одақ құрып Индияға бет алады.
Сақтардың ежелгі мекені Лобнор көлінің Шығыс жағында жатқан. Б.з.б.3-ғасырдың соңында оларды ғұндар бағындырып юечжи халқына қарсы соғыстарында одақтасы болған. Үйсіндер Жетісуда өздерінің мемлекеттерін құрады. Олар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Көбіне қой мен сиырды ұстаған. Малымен бірге жайылым-суат жағдайымен көшіп жүрген. Үйсін құрған мемлекетке 120 мың түтін қараған, жан саны 600-мыңнан аса болып, 188 мың 800 сайлаулы әскер ұстаған.
Б.з.б. 1-ғасырдың ортасында қаңлылар Орталық және Шығыс Қазақстан далаларын, Балқаш көлі мен Ертіс өзенінің аралығында мекендеген. Қаңлыларға Орта Азияда 5 иелік бағынышта болған. Қытай деректеріне қарағанда, оның 450 мың халқы болып, оның 90 мыңы әскер болған. Қаңлылар көшпелі халық болған. Олардың қыстаулары Сырдария өзенінің бойында болса, жаздық жайылымдары Солтүстік Қазақстан аумағында жатқан. Арал маңында, Жетісудың оңтүстігі мен батысында ескі жұрттар мен қалалар қалыптасқан. Бұл жердің негізгі шаруашылығы – суармалы жер өңдеу шаруашылығы.
Б.з.б. 1-ғасырдың ортасында ғұндар екіге бөлінді- Хуханье басқарған Оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен Солтүстік бөлік. Оңтүстік бөлік Ордос аймағында қалса, солтүстіктер Алтайға көшті. Хуханьеден сескенген Чжичжи қаңлылардың жағына өтіп үйсіндерге қарсы шығады. Олардың арасында әскери-саяси одақ турасында шарт жасалынады. 42 жылы үйсіндерге қарсы шығып, олардың астанасы Чигуды талқандайды. Үйсіндер шығысқа қарай кетуге мәжбүр болады. Қытайлар Чжичжидың күшеюінен қорқады. Көп ұзамай Қытыйдың 100 мың әскері ғұндарға қарсы шығады. Талас алқабында Чжичжи бекініс қала салады. Осы жерде шайқас болады. Қытайлар қаланы басып алып, ғұндарды құрта бастайды. Чжичжи қаза табады. Көп ұтыста болған Хуханье ғұндарды өзіне бағындырады. Батыстағы жағдай бұрынғы қалпына келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет