Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін



бет5/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#46873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. 
Ұлы дала аумағында шаруашылық біртіндеп даму барысы, тұрмыстын біршама ортақ болуы, этниқалық жақындық пен саяси факторлар әсерінен Орталық Азия жерінде ең алғашқы тайпалық бірлестіктер құрылды.Олардың ең алғашқыларының бірі хунну (Ғұндар). Б.з.б III ғасырдың аяғында Қытай деректерінде кездеседі. Олар Тынық мұхит пен Солтүстік Қытай, Алтай мен Жетісу аралығында мекендеді. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай деректерінде «шаныю» деп атады. Сыма Цяньның «Ши цзи» шығармасының «Өмірбаяны» атты бөлімінде Сюнну және Даван туралы хикая тарауларында Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы Мөде шаньюдың билікке келуі туралы және б.з.б 209 жылы билікке келген уақытынан Қытайдың шекараларына жасаған жорықтары туралы айтылады. Жалпы ғұндар туралы мәліметті грек тарихшысы Геродоттан ала аламыз. Ол ғұндар туралы былай жазган «Ғұндардың шыныққаны соншалық, оларға оттың да, адамның тәбетi шабатын етiп әзірленген тамақтың да керегi жоқ, олар жабайы сетiн шөптердiң тамырымен, қандай малдың болса да шала пiскен етiмен қоректенедi, еттi олар аттарының сауырына, өздерiнiң белiне байлап жүрiп, оны аздап кептiрiп алады. Олар ешқашан қандай болса да үйдi паналамайды. Оларда қамыспен болса да жабылған лашық-ты көре алмайсың. Олар таулар мен ормандар арасында көшiп жүредi, суыққа, аштық пен шөлге төзуге бесiгiнен бастап үйренген. Ешқандай қалыпқа салмай тiгетiн аяқ-киiмi олардың жүруiн қиындатады. Сондықтан жаяу соғысқа жарамайды; оның есесiне оларды өдерiнiң төзімдi, бiрақ көрер көзге сүйкiмсiз көрiнетiн аттарына құйып қойғандай деуге болады және көбiнесе олар әйелдерше отырып алып, өдерiнiң дағдылы шаруаларын атқарады. Күндiз-түнi аттан түспейдi, сауда-саттығын да ат үстiнде жүрiп жасап, сонда отырып iшiп-жейдi, аттың иiлген мойнына еңкейiп ұйықтайды және қатты ұйықтайтыны сонша, тiптi түс те көредi. Олардың елеулi iстер жайында кеңесуiне тура келгенде, олар мәслихатты да ат үстiнде отырып жүргiзедi. Олар өздерiне қатаң патша билiгiн жүргiзу дегендi бiлмейдi, бiрақ өздерiнiң қайсыбiр ақсақалдарының кездейсоқ басшылығына көнiп, жолында кездескендердiң бәрiн қиратып кетедi. Олардың ешқайсысы егiн екпейдi және ешқашан соқа ұстап көрмеген. Белгiлi тұрақты мекенi де, үйi де, заңы да немесе тұрақты тұрмыс салты да жоқ, олар мәңгiлiк қашқындар сияқты, киiз үйлерiмен көшiп, өмiрiн соларда өткiзедi; олардың әйелдерi өздерiнiң киiм-кешектерiн тоқиды. Балаларын есейгенше емiзедi. Қайда туғанын сұрасаң, олардың ешқайсысы жауап қайтара алмайды; ол бiр жерде бойға бiтiп, ол жерден қашықта туған, одан да қашықта өскен».

Біздің дәуірімізге дейін шамамен III ғасырда пайда бола бастаған, мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер. Үйсін қазақ халқының қалыптасуына негіз болған көне түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б II ғасырда кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін дәлелдеп, Оларды Тянь Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Белгілі қытайтанушы Н.Мұқаметқанұлы «Үйсін мемлекеті дегеніміз үйсін тайпалық одақтарынан құрылған Қазақстан аумағында б.з.б II б.з VI ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы Усунь деген атпен белгілі болган. Аталмыш Үйсін деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сыма Цянь Тарихнама, Ғұндар тарауында хатталған». Белгілі антрополог О.Сұмағлұлының дәлелдеуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық құрылыстары нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау орынды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында, обалардан табылған мәдени мұралар үйсіндерде қолөнер кәсібі болғанында дәлелдейді. Мысалы Қарғалы үңгірінен табылған диадема б.з.д II ғасырда өмір сүрген үйсіндік зергердің тамаша туындысы. Бұл ұзындығы 35см ені 5см диадемада аңдар, жануарлар, адамдар бейнеленген. Үйсіндер Ұлы дала аумағында улкен саяси рөл атқарды. Оған дәлел ретінде Қытай императоры Уди б.з.д 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібергенін айтуға болады.
Қаңлы тайпалары қазақ халқының негізін құраған ежелгі тайпалардың бірі. Ұлы дала аумағында тайпалық одақ болып артынан бірігіп мемлекет болған. Қаңлылар туралы деректерді негізінен қытай деректерінен аламыз. Шығыстанушы Н.Аристов айтуы бойынша қаңлылар ежелгі түркі руы. В.Востров олардың түркі тілдес екенін нақтылап кеткен. Қаңлы мелекеті Оңтүстік Қазақстанда құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытай деректері бойынша астанасы Битянь қаласы болган кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған. Қаңлы тайпасы туралы б.з.д. III ғасырдан б.з. VII ғасырға дейінгі қытайдың Шидзи, Циньхань-шу және Тан-шу (Тан династиясының дәуірі) дереккөздерінде кездеседі. Қытай жылнамаларындағы қаңлы тайпалық атауы өзгеріске ұшыраған «қаңғюй» түрінде беріледі. Фирдоусидің Шах-наме поэмасында ол «қаңқ» түрінде келтірілген. Б.з.д II-I ғасырларда қаңлылар батыс өңірде белді мемлекеттердің бірі болды. Үлкен Хань әулетінің Цянь Ханьшудың жерге орналасуды зерттеу деген тарауында кангюйге арналғал бөлім бар, онда сөзбе сөз келтіргенде былай делінген «Кангюй билеушісі Лоюень елінде Уананнан 12300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120000 отбасыдан, 600000 адамнан тұрады әскер саны120000 адам. Әдет ғұрпы юучжилермен бірдей».Егер Чжан Цянь Кангюй жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мұндағы жағдай өзгерді.
Ұлы дала жерінде көшпелі және отырықшы мадениеттердің өзара қатынастары: Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қактығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардын  алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпенділерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды. Отырықшы мадениеті мен көшпелі мадениет Ұлы дала жерінде тұспа тұс жүрді. Ең алғашқы екі мадениеттің улкен қақтығысын Қытай мемлекеті мен Ғұн империясының соғыстарынан көре аламыз. Қақтығыстар кезінде көшпелі мадениеттің отырықшы мадениеттен әскери салада басымдылығы байқалады. Мысалға Ғұндардың жорықтарына төтеп бера алмау нәтижесінде ұлы қытай қорғаны салынды. Алайда отырықшы мадениет темір өңдеу, құрылыс саласында басым болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет