Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін


– дәріс тақырыбы: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілір өркениетінің қалыптасуының алғышарттары



бет4/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#46873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
2– дәріс тақырыбы: Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілір өркениетінің қалыптасуының алғышарттары.
Қазақ халқының этногенезі
Жоспары:
1. Ежелгі және ортағасырдағы Қазкақстан территориясындағы этникалық үрдістер.
2. Қазақ халқының қалыптасуының антропологиялық және лингвистикалық аспектілері.
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері. Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Америка .
Көшпелілер тұрмысы. Жинақы тұрғын үй құрылымы, соған сәйкесті үй мүліктері мен киім-кешек үлгілері, тіпті, еуропалықтар тұрмысына да дендеп енді. Еуразия жазығының шығыстан батысқа қарай көсілген ендігінде олар ру-тайпалық бірлестіктен бастап өзара конфедеративті қарым-қатынасқа негізделген көшпелі империялар құруға дейінгі саяси интеграцияның күрделі үрдістерін өткерді. Әсіресе, мыңдаған жылдарға созылған нәсілдік-генетикалық бірігулердің, геосаяси және әлеуметтік-мәдени байланыстардың мекені болған апайтөс кеңістіктің батысы мен шығысын тұтастырған Тұран жазығының тұрғындары — протоқазақтардың өте ерте кезеңдерден көшпелілікті отырықшылық тұрмысқа, мал бағуды егіншілікке үйлестіре жүргізгені, көне қытай жазбаларында айтылған. Тоталитарлық режим тұсында тарихшылар түркі жұртының даңқы, өрелі өткені туралы деректерді айналып өтуге тырысты. Ерте ғасырлардағы жетістіктерін айтпағанның өзінде, айқын деректі — адамзат тарихында елеулі рөл атқарып, өз кезеңінің батыстық, шығыстық авторларының жазбаларына арқау болған Түркі қағанатын елемей келді. Ал бұл мемлекеттің өз кезінде Византия, Иран, Қытай сияқты елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасап, Манчьжуриядан Керчень түбегіне, Енисейдің жоғарғы сағасынан Әмудария жағалауына дейінгі кеңістікте салтанат құрғаны белгілі. Көне тарихта, адамзат дамуының бастапқы кезеңдерінде осынша ауқымды масштабты иемденіп, билеп- төстеген бірде-бір отырықшы халық ұшырасқан емес. Көне түркілер дәуірлеген кезеңде көшпелі тұрмыс Орталық Азиядан Византия шекараларына жол тартқан ерекше мәдени-әлеуметтік көпір болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет