Дәріс тезисі Қазақстан тарихы пәнінен дәрістер кешені «Қазақстан тарихын» оқытудағы кредиттік технология бойынша Қазақстанның ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі тарихы бойынша материалдарды меңгеру және қабылдауды қамтамасыз ету үшін


- дәріс.Атқа міну мәдениетінің генезисі



бет7/39
Дата02.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#46873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
3- дәріс.Атқа міну мәдениетінің генезисі
Қазақстан территориясындағы ерте мемлекеттер және тайпалық одақтардың құрылуы.


Дәріс тақырыбы: Ертедегі көшпелі тайпалық одақтардың этносаяси тарихы.
Жоспар:
1 Қазақстан территориясында ерте көшпенділер одақтарының тарихи-экономикалық қалыптасуының алғышарттары.
2 Сақтардың тайпалар одағы,этникалық құрамы, мекендеген территориясы.
3 Үйсін мен қаңлылардың мемлекеттік бірлестігі, олардың әлеуметтік-саяси құрылымы, сыртқы саясаты.
4 Қазақстан территориясындағы ғұндар,олардың әскери -саяси тарихы.


Мақсаты: Ертедегі темір дәуіріндегі Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы көшпелілердің дамуы мен этносаяси тарихының заңдылықтар үрдісін зерттеу.
Міндеті:
1. Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер одақтарының қалыптасу үрдісін анықтау, тарихи деректер мен тарихнамаға сұрыптама жасау;
2. Ертедегі көшпенділер одақтарының пайда болу үрдісіне табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық факторларының әсерін анықтау;
3. Қазақстан территориясындағы тайпалар одақтары мен ерте мемлекеттік құрылымдарға қарсы бағытталған жаулаушылық жорықтардың себебін іздестіру;
4. Қазақстандағы ертедегі көшпенділердің этносаяси құрылымына және әлеуметтік-мәдени тарихына салыстырма жасау;


Әдістемелік ұсыныстар:
Лекция барысында негізгі мазмұнын аша отырып,студенттердің кейбір түсініктемелерге, мысалы көшпенділер цивилизациясы, рулық, тайпалық бірлестігі, этнос, ланшафт және тағы басқа атауларға өзіндік талдау жасауға назарын аудару.
Оқытушы сабақта «Қазақстан территориясындағы ерте тайпалық одақтар» деген тарихи картаны, схемаларды, таблицаларды, техника құралдарын оқытудың көрсеткіш құралы ретінде пайдалана отырып, студенттерге ерте тайпалық одақтардың қалыптасу үрдісін және ыдырауының себептерін ашады.
Лекцияның тақырыбының негізгі мазмұнын ашу барысында оқытушы студенттерге берілген әдебиеттерге қысқаша шолу жасауы керек.
- Берілген тақырыптың төрт сұрағына қорытынды жасалынып,оқытушы сабағын аяқтайды.
- Қорытындысында студенттерге практикалық сабақтың творчестволық тапсырмаларының тақырыптары үлестіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет