Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»


Қызметтік мақсатына орай шешімдерді жоспалау-экономикалық, технологиялық қаржы және әкімшілік сипатта бөледі



бет23/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

Қызметтік мақсатына орай шешімдерді жоспалау-экономикалық, технологиялық қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.
А.И.Пригожин «Басқарудың әлеуметтік жағдайлары» кітабында басқру шешімдерін былайша жіктейді.
1. Мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшының дербес ерекшеліктері әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Бұған кадр мәселелері (жұмысқа қабылдау және шығару), агрономиялық, инженерлік және зоотехникалық-малдәрігерлік жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. жатады. Мұндай шешімдерді ойластырғанда алдынғы тәжірибелер міндетті түрде ескеріледі.
2. Ынталы шешім, яғни онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының жекелей үлесі басым болуы мүмкін.
3. Творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты және соған жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды. Мұндай шешімнің мысалына, кәсіпорындағы ғылыми-техникалық прогресті, оның әлеуметтік жағдайын дамыту бағдарламалары жатуы мүмкін. Мұндай мәселелер бойынша шешім әзірлеуге міндетті түрде сол шаруашылықтың жұмыскерлері, оның қоғамдық ұйымдары кеңінен қатыстырылуы тиіс.
Шет ел авторлары ұйымдық шешімдерді бағдарланған (запрограммированный) және бағдарланбаған (незапрограммированный) деп жіктейді.
Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, былайша айтқанда, шешімнің математикалық теңдеуі. Әдетте балама мүмкіндіктерінің саны шектеулі, сондықтан да таңдау ісі ұйым бегілеген бағыт шебінде болуы тиіс.
Бағдарланбаған шешім біршама жаңа, ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлар жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсарту керек.
Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс-әрекеттің бірізділігі мен реттілігі, календарлық мерзімдер (ақырғы және аралық), орындауға жауаптылар (ұйымның, қызмет адамының аты және фамилиясы көрсетілген), орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет