Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет35/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

Нақты ұйымдық жүйлерде басқару құрылымның айырмашылығына қарамастан әдетте олар екі классикалық құрылым типінің – сызықтық және қызметтік типтердің үйлесімі болып табылады.
Басқарудың сызықтық жүйесінің ерекшелігі сол, әрбір бөлімше (немесе жеке орындаушы) жоғарғы орындағы басқарманың (басшының) біреуіне ғана бағынып, тек содан ғана тиісті тұсқаулар алады. Соның нәтижесіде ол өзіне бағынышты бөлімшені басқаруды қамтамасыз етіп, барлық басқару қызметтерін дербес атқаратын болады

1

9 дәріс. «Ынталандыру».

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1. Мотивация ұғымы, оның мәні мен эволюциясы
2. Мотивацияның мазмұндық теориялары
3. Мотивацияның процессуалдық теориялары
Дәрістің қысқаша мазмұны:
1 сұрақ. Мотивация ұғымы, оның мәні мен эволюциясы
Басқару ісінің ең маңызды міндеті көздеген мақсатқа жету үшін еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Менеджер жұмысты дұрыс үйлестіріп адамдарға жүктелген міндеттерді орындату үшін мотивацияны қолданады. Өз шешімін жүзеге асыру үшін менеджер мотивацияның негізгі қағидаларына сүйенеді.
Мотивация дегеніміз көздеген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру. Мотивация адамдарда болатын әртүрлі қажеттіліктерге негізделген. Адамға бір нәрсе қажет болған кезде сол қажеттілік көздеген мақсат болып табылады.
Мақсат көздеу:
қажеттілік талаптану әрекет ету мақсатқа толық жету
(бір нәрсенің (мотивтер) (мінез-құлыққа жету жартылай жету
жетіспеушілігі) байланысты) жетпей қалу
Адамдар мотивация жағдайында екі түрлі сыйлыққа ие болады:
  • ішкі сезімдік сыйлық,


  • сыртқы сыйлық


Ішкі сыйлық - адамның өзінің жасаған еңбегіне іштей қанағаттануы.


Сыртқы сыйлық - орындалған жұмыстың бағалануы. Мысалы, еңбек ақы, қызметін жоғарылату, марапаттау, қосымша ақы төлеу жатады.
Мотивацияның негізгі екі теориясы бар:
I. Мотивацияның мазмұндық теориясы
II. Мотивацияның іс жүргізу теориясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет