Нәтижелер тарапынан үміттену-көтермелеу-қол жеткен нәтижелерге жауап ретінде нақты көтермелеуді немесе мадақтауды үміттенуі.
Үміттену теориясындағы мотивацияны айқындайтын үшінші фактор-бұл валенттілік немесе мадақтаудың не көтермелеудің құндылығы. Валенттілік-белгілі бір көтермелеуге ие болғанан кейін пайда болатын қанағаттану немесе қанағаттанбау дәрежесі. Әр түрлі адамдарда қажетсіну мен мадақтауды қабылдау әр турлі болғандықтан, қол жеткен нәтижеге жауап ретінеде нақты көтермелеу, кейде сол адамға ешқандай бағалауы болмауы мүмкін. Егер валенттілік төмен, яғни адам үшін көтермелеуқұны шамалы болса, онда үміттену теориясы бойынша мұндай жағдайда еңбек әрекетінің мотивациясы әлсірейтін болады.
Егер жоғарыда айтылған үш фактордың да мәні шамалы болса, онда мотивация әлсіз, еңбек нәтижесі төмен болады. Бұл фактор арақатынасы кестеде көрсетілген.
Кесте. Врум мотивация моделі
Қол жеткен нәтиже үміттенетін көтермелеу болатындығына сену
=
Жұмыс күшінің мотивациясын күшейтуде үміттену теориясының практикалық маңызы бао. Әр түрлі адамдардың қажетсінуі түрліше болатындықтан, олар нақты көтермелеуді түрліше бағалайды. Демек, ұйым басшысы ұсынатын көтермелеуін салыстыруы тиіс.
Күш жігер қалаған нәтиже беретіндігіне үміттену
Үміттенетін көтермелеу құны
Валенттілік
мотивация
Әділеттілік теориясы.Әділеттілік теориясы бойынша, адамдар жұмсаған күш-жігеріне тиісті көтермелеудісубъективті бағалап, осы тектес жұмысты басқа адамдар қалай қабылдайтығын салыстырады.
Олар көтермелеуді әділетсіз бағалаған жағдайда психологиялық шиеленіс п.б. Тұтастай алғанда,егер адам өз еңбегі дұрыс бағаланбады деп санаса, онда ол күш-жігер жұмсауын кемітеді. Егер ол өз еңбегін асыра бағалады деп санаса, онда ол керісінше күш-жігерін жұмсауды бұрынғы деңгейде қалдырады немесе арттыра түседі.
Портер-Лоулер моделі. Мұнда мотивация жұмыскерлердің қажетсінуінің, үміттенуінің және әділетті көтермелеуінің басты қызметі болатындығына негізделеді. Жұмыскерлер еңбегінің нәтижелілігі олардың күш-жігерін жұмсауына, жеке басының өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ өз ролін бағалауына байланысты. Жұмсалатын күщ-жігер көлемі жұмыскерді ң көтермелеуді қаншалықты бағалайтындығына және өзіне дегн мадақтауға сенімділігіне байланысты. Портер-Лоулер моделі бойынша, еңбек нәтижелігі қанағаттану сенімін туғызады