2 сұрақ. Бақылаудың түрлері Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі, еңбек өнімділігін, қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы.
Бақылаудың басты принциптерінің бірі- бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджлердің және оның көмекшілерінің ғана міндеті емес, әр бір басшы, қызмет лауазымына қарамастан өзінің тікелей жауапты міндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс.
Бақылаудың келесі принципі- ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Барлық басқа қызметтерді одан бөлек қарастыруға болмайды.
Тиімді бақылаудың басты принциптері- жүйелік және жан жақтылық. Бақылаудағы мақсаттылық та, яғни тексеру барысында тек кемшілікті ашып қана қоймай, сондай-ақ оны жою шараларын қарастырудың зор маңызы бар. Бақылауды күшейту мақсатында кейбір жағдайда қазіргі есептеу техникаларын пайдалана отырып, арнайы жүйе құралады.
Бақылаудың негізгі үш түрі бар:
алдын-ала бақылау;
күнделікті бақылау;
қорытынды бақылау.
Алдын ала бақылаукөп бөлігі судың астында көрінбей қалған айсбергті елестетеді, себебі, бұл жағдайда кейбір мәселелер әлі анықталмай, көрінбеуі мүмкін. Сондықтан, бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары – қолда бар мүмкіндіктерді, яғни еңбек ресурстарын, материалдық ресурстарды және қаржы ресурстарының деңгейін тексеріп, бағалау қажет, сонымен бірге белгіленген ережелерді, процелурды және жүріс - тұрыс линиясын жүзеге асыру. Жүріс - тұрыс ережесі мен линиясы жоспарды орындауды, оны мүлтіксіз сақтау – бұл жұмыстың белгіленген бағытта дамитындығына көз жеткізудің әдісі. Егер қызмет міндеттері айқын жазылса, мақсат тұжырымдамалары бағыныштыларға нақты түсіндірілсе, бақылаудың әкімшілік аппаратына білікті адамдар алынса, осының барлығы ұйымдық құрлымының ойлаған мақсатта жұмыс істеуі мүмкіндігін арттыра түседі. Алдын ала бақылау үш салада -адамдар, материалдық және қаржы ресурстары тарапында жүзеге асырылады.
Адам ресурстары саласында алдын ала бақылау белгілі бір қызмет міндеттерін орындауға қажетті білімі мен шеберлігін мұқият талдау және біршама дайындығы мен біліктігі бар адамдарды тандау арқылы жүргізіледі. Жұмысқа қабылдаушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды немесе міндеттерді орындай алатындығына көз жеткізу үшін, жалданушылардың осы саладағы тиісті білім дәрежесін немесе жұмыс стажын айқындап, олардың құжаттары мен мінездемелерін тексеру қажет. Ұйымға білікті жұмыскерлерді таратуда, әрі тұрақтандыруда, оларға еңбекақысы мен өтемін әділ белгілеудің, сондай-ақ жұмыскерлерді жалдар алдында әңгіме өткізудің зор маңызы бар. Көптеген ұйымдарда адам ресурстарын алдын ала бақылау жұмыскерлерді жалдағаннан кейін де, жұмысқа баулу арқылы, оларға негізгі міндеттеріне кіріспес бұрын тағы да нені үйрету қажеттілігін білуге мүмкіндік береді.
Фирмадағы пайдаланып отырған материалдық ресурстарды алдын ала бақылағанда материал сапасының стандарттарға сәйкестігі, жаңадан келіп түскен материалдардың жай күйі, жарамдылығы анықталады.
Қаржы ресурстарын алдын ала бақылаудағы маңызды буыны – бюджет, мұның өзі де жоспарлау қызметін асыруға мүмкіндік береді. Бюджет алдын ала бақылаудың механизімі болып саналады.