Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет44/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

1. Шағын топ және ұжым.
Өмір сүру барысында адамдарды біріктіретін топтар мәселесі әлеуметтік психологияның ғана негізгі мәселесі емес,ол социологияның да мәселесі болып табылады. Қоғамдық ғылымдарда «топ» ұғымы екі жақты мағынада қолданылады. Бір жағынан қандайда бір ортақ белгісі бойынша адамдардың бірлестігін құрайтын шартты топтар ұғымында қолданылса, мысалы жүрегі ауыратын адамдар тобы, әйгілі футболшылар тобы, жеткіншектер т.б. екінші жағынан нақты өмір сүретін қауымдар, бірлестіктер нақты топтар ұғымында қолданыады.
Нақты топ- адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған,өмір сүріп тұрған бірлестігі.Топ мәселесіне деген көзқарастарда әлеуметтік психологиямен социологияда әжептеуір айырмашылық бар. Социология тұрғысынан қарастырғанда негізгі мәселе топтарды ажыратудың обьективтік критерийлерін іздеп табу.Ал әлеуметтік психология үшін адамдардың көпшілігі, көпшілікте жеке адамның іс-әрекетінің өтуі маңызды рөль атқарады.
Адамның айналасындағы көпшілік немесе көпшіліктің өзара әрекеті нақты жағдайларда «топ» мағынасында ұғынылады, бірақ мұнда негізгі топтың әрекетін мазмұны емес, индивидтің басқа адамдардың қатысуында немесе олармен өзара әрекет барысындағы әрекетінің формалары.
Топтың композициясы:
  • Топтың құрылымы.


  • Топтық процесстер.


  • Топтық нормалар мен құндылықтар.


  • Санкциялар жүйесі.




Топтың құрамы. Әр түрлі көрсеткіштерге байланысты сипатталуы мүмкін. Ең алдымен топ мүшелерінің жас ерекшелігіне, мамандығына немесе әлеуметтік сипатына байланысты. Нақты топтың сан алуандығы топ құрамын анықтап бере алмайды. Нақты жағдайларда зерттеудің обьектісі ретінде қандай топ алынып тұрғанын анықтаудан бастау керек, яғни мектеп класы ма әлде спотр командасы ма, немесе өндірістік бригада ма. Топ құрамы оның әрекет типіне байланысты.
Топ құрылымына да осыларды айтуға болады.Топ құрылымының бірнеше белгілері бар: коммуникациясының құрылымы, ұнату құрылымы, өктемдік құрылымы және т.б.
Егер топты әрекет субьектісі ретінде қарастыратын болсақ, онда оның құрылымына ерекше назар аудару керек. Бұл жағдайда маңыздысы-топтық әрекеттің құрылымын талдау. Екінші жағынан топтың эмоцияналдық құрылымы, жеке адамдардың өзара қарым-қатынасының құрылымы сонымен қатар, оның топтық әрекеттің функционалдық құрылымымен байланысы. Әлеуметтік психологияда осы екі құрылымның арақатынасы «формальды» және «формальды емес» қатынастың арақатынасы ретінде қарастырылады.
Топтық процесте топтың даму туралы сөз болады. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады: дүниеге келеді, дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай-ақ өмір сүруін тоқтатуы да мүмкін. Бұл формальды топқа да формальды емес топқа да бірдей дәрежеде қатысты.
Сөйтіп топтың құрамы және құрылымы, топтық өмірдің дамуы-әлеуметтік психологияда топты сипаттаудың негізгі белгілері.
Топты зерттеуде әлеуметтік психологияда индивидтің топтың мүшесі ретінде онда алатын орны мәселесі де қарастырылады. Индивидтің топтық өмір жүйесіндде алатын орны «статус» ұғымымен беріледі. ”Статус” ұғымы адамдардың өзара қатынасы құрылымын ашқанда кеңінен қолданылады. Әрбір индивидтің топтағы алатын орны статус әлеуметтік өлшем әдісімен, яғни, социометрия әдісімен өлшенеді. Бірақ бұл жолмен алынған топтағы индивидтің статусын қанағаттанарлық деп белгілеуге болмайды. Себебі:
1. индивидтің топтағы орны оның социометриялық статусымен ғана анықталмайды, мұнда топ мүшесі ретінде индивидтің басқа мүшелерінің оған бауыр басуы ғана маңызды емес, оның топтың әрекеттік қатынасы құрылымында қабылдануы да маңызды. Бұл мәселені социометрия әдісімен анықтауға болмайды.
2. статус индивидке тән объективтік мінездемелердің бірлігі. Ол оның топтағы орнын анықтайды, сонымен қатар ол оны топтың басқа мүшелерінің субъективтік қабылдауы да мұнда статустың объективтік және субъективтік сипаттарымен арақатынасы туралы айтылып тұр.
3. индивид статусын сипаттағанда анағұрлым кең әлеуметтік жүйені ескеру қажет. Ол жүйеге топтың өзінің статусы кіреді.
Индивидтің топтағы келесі сипаты – оның рөлі. Кез келген топ мүшесінің топта алатын рөлі бар. Мысалы, жанұяны алатын болсақ, мұнда статус рөлдердің өзара қарым-қатынасын көруге болады. Онда әр мүшенің өз статусы, рөлі бар. әке, шеше, үлкен бала, кіші бала т.б.
Индивидтің топтағы орнын сипаттайтын компоненттердің бірі – топтық күту жүйесі. Бұл көбіне мынадан көрінеді, біз әр рөлден, статустан кейбір қызметтің орындалуын, оның тек орындалып қоюын ғана емес, оның сапалы орындалуын күтеміз. Топ мінез-құлықтың үлгісін күту жүйесі арқылы өз мүшелерінің мінез-құлқын қадағалап отырады. Осы топтық күту жүйесі қанағаттандырылуы үшін топтық нормалармен топтық санкциялар құрылады.
Топтық норма дегеніміз – топтың өзі жасап, оған топ мүшелері бағынуды қажет ететін белгілібір ережелер.Топтық санкциялар нормаларды орындап және оның ескерілуін қадағалау механизмі. Санкциялар жүйесі нормалардың орындалмауын түзетіп қана қоймайды, нормалардың орындалуын қамтамасыз етіп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет