Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс «Ұйым және басқарушылық қызметінің сипаттамасы»



бет45/54
Дата15.10.2023
өлшемі320,74 Kb.
#115202
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі-www.emirsaba.org

Топтардың жіктелуі. 
Топтарды шартты және нақты топтар деп екіге бөлеміз. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Нақты топ – адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойылған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, өмір сүріп тұрған бірлестігі.
Нақты топтар табиғи және лабораториялық болып бөлінеді: табиғи топтар деп экспериментатордың тілегіне байланысты емес, өздігінен құрылған топты айтады. Олар қоғам қажеттілігінен немесе оған кірген адамдардың қажеттілігінен пайда болады.
Лабораториялық топтар экспериментатордың қандайда бір ғылыми зерттеу жүргізу мақсатында құрған тобы. Олар басқа топтар сияқты нақты, бірақ олар уақытша лабораторияда ғана өмір сүреді.
Табиғи топ формальды және формальды емес болып бөлінеді: формальды (ресми) топ штат кестесі, устав және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады.
Формальды емес (ресми емес) топ ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы , жекелеген адамдардың беделін , білгірлігін тану сияқты психологиялық мотивтер бірлігі негізінде туады. Мұндайда ресми құжаттардың күші жүрмейді. Бірге ойнаушы жолдастар тобы, бірлесіп балық аулау, аңшылық құру т.б. осылай туады.
Табиғи топтар шағын және үлкен топтар деп бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, отақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Кіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды. Мысалы, жанұя, өндіріс бригадасы, мектеп сыныбы т.б.
Үлкен топтарға мемлекеттік, ұлттық, ұлыстық, партиялық, топтық, әлеуметтік, қауымдастық, кәсіптік, жыныстық, мәдени белгілеріне байланысты біріктірілген адамдар тобы. Бұл топтар жеке бастың психологиясына, мінез-құлқына саясат, насихат, мәдениет арқылы әсер етеді.

Үлкен топтар ұйымдасқан және ұйымдаспаған топтар болып бөлінеді. Кіші топтар бастапқы және ұжым болып бөлінеді.


Кіші топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез келген адаммен өз қалауы бойынша және қажетінше қатынас жасайды. Ал іс жүзінде топ мүшелері топтың бір мүшесіне қарағанда екіншісін жақын тұтады. Біреулері өзара жиі қатынасып, олардың қарым-қатынасы жақындық сипат алады. Бұл былайша айтқанда бастауыш топ, немесе қатынас жасаудың бірінші кезеңі болып табылады. Әдетте мұндай топ мүшелерінің саны көп болмайды (2-7 адам). Оның мүшелері кіші топтың мүшесі болып қала береді, өйткені мұндайда іс бабындағы қатынастар мен өзара қарым-қатынастар үзілмейді. Бастапқы топ шағын топ болып қала отырып, дербес қауымда бола алады.
Топтың қалыптаса бастауы деп ассоциацияны – адамдардың уақыт пен кеңістік белгілері негізінде бірлесуін айтады. Мектепте 1-ші сынып, институтта 1-ші курс тобы.
Бірігіп әрекет жасау кезінде ассоциацияға қатысушыларарасында сапалық жағынан мүлдем басқа және әлде қайда күрделі қауымдастық – корпорацияға айналады. Корпорация – адамдардың өзімен-өзі тұйық бірлестігі. ассоциация сияқты корпорацияның да ортақ мақсаты болмайды. корпорацияда әркім өз ойын жүзеге асырады, ол басқалардың ойына ұқсас болады.
Нақты осы кездегі топтың жағдайын оның қалыптасуын динамикалық процесс сипаттайды. Лабораториялыққа қарағанда шынайы топтар ұзақ уақыт өмір сүреді, олар өздерінің өмірлерін ағымдап өткізеді. Топ құрамының өзгеруіне қарамастан , олар өз тұтастығын сақтайды, бұл дегенміз өзің өңдеу онда орындалып жатқан өз құрылымын, динамикалық процесін құру. Бір жағынан , кіші топтағы өмірдің ұзақтығын үлкен топтағымен салыстыруға келмейді.
Тарихи дамуын қоса салғанда да кіші топтағы өзгерістер әр кезеңде қандай болады? бұл сұраққа жауап тек топтың даму проблемаларының шараларын қараған кезде ғана жауап беруге болады. Әлеуметтік – психологиялық белгілері өңделген кезде көңіл лабороториялық жағына емес, нақты әлеуметтік топтарға аударылу керек. Мәнді проблема әлеуметтік психологияға қатысты. Оның өңделуіне орынды үлес қосқан отандық әлеуметтік психология , басқа елдерге қарағанда бұрынырақ анықталды. Бұндай ерекшеліетерін ашып көрсету алдында, топтың дамуын, әлеуметтік концепцияларла қалай өтеді яғни оны қадағалау керек. Берілген проблеманы шешетін бірнеше бағытталған мысалдар келтіруге болады. Топтың даму идеясы психоаналитикалық концепцияда көрсетіледі, автор З.Фрейд еңбек «топтық психология және Эгоға анализ». Психотерпевтік тәжірибе арқылы жасалған , нақты топтар мен жұмыс жүргізілген.
Әлеуметтік психологияда топтарды даму теориясы қалыптасты. В. Беннис және Г.Шепард. Т.- топтарында немесе трениниг топтарында болатын процестерді түсіндіреді. Тренинг мазмұнына көңіл бөлмей , оны түсіну мүмкін емес, топтық дамуы туралы кейбір идеяларды көрсетуге болады: топтық тренинг 2 фазадан құрылады, әрқайсысына топ өз проблемасын шешудің негізгі жолын анықтайды. Жарамдылық коммуникациясын құрайды. Осы мақсатты орындау топтық дамуы, онда 2 фаза жүреді:
  • жетекші жөніндегі сұрақ шешімді және әр топ мүшесінің жетекшілік қарым –қатынасы қарастырылады;


  • қатарлы мүшелер арасындағы қарым –қатынас қаралады.


Нақты топ дамуын жалпы әр түрлі модель арқылы көрсете алады,алға қойған мақсатына жетпей тарайды немесе жетіспеушіліктерін көрсетеді. Әрине тренинг тобы – спецификалық модель , басқа типін айтуға , қолдануға келмейді. Маңыздысы нақты топпен араласқан кезде, фазаларға жіктеп , олар арқылы мүшелердің әлеуметтік – психологиялық компонентілігін арттыруға болатындығын дәлелдеген. Екінші мысал: топтық даму идеясы кең таралған , ол «топтардың әлеуметтену» теориясында Р.Морленд және Дж.Ливайн. Топтық даму процесі, индивидтің әлеуметтену процесімен қарастырылады. әр топтың даму кезеңдері ең алдымен басы жаңадан келіп қосылған мүшелермен түсіндіріледі.


Кезеңдерді 3 критерий арқылы салыстыруға болады:
1.бағалау / топ мақсаты , басқа топ ортасындағы жағдай (топ мақсатының әр мүшесіне әсері)
2.міндеті ( топтың мүшеге деген,мүшенің топқа деген қатысы, сол арқылы екенің үміті орындалады. Егер де бір мүше арқылы мақсат орындалса, топ сол мүшеге көп көмек беруге тиіс.)
3.топ мүшесінің рөлдерінің ауысып отыруы. (топ жаңа , толық, маргиналды , экс-мүшесі). Берілген критерийлер арқылы , топ өмірлік кезеңдерге жетпейді, топ мүшелерінің әр позициясына сәйкес келеді. Кезеңдер мен рөлдердің сай келуі «жүйелік процестік модельде» көрініс табады.( М. Чемерс).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет